Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Амил спирті"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Амил спирті, C5H11OH - бір атомдық қанық спирт. Оның 8 изомерлік түрі бар.
Мазмұны
Қасиеттері
Физикалық қасиеттері
Амил спиртер - түссіз, жағымсыз иісі бар сұйықтықтар.
Суда 1-пентанол, 3-метил-1-бутанол и 2-метил-2-бутанол ериді. Қалған амил спирттер суда нашар ериді.
Химиялық қасиеттері
Амил спиртердің барлық спирттерге тән қасиеттері бар:
- Сілтілі металдармен алкоголят құрайды,
- Бейорганикалық және органикалық қышқылдармен эфирлерді түзейді,
- 1-пентанол - пентанальға дейін тотығады, әрі қарай валериан қышқылына дейін тотығады. екінші қатардағы амил спирттер - сәйкесті кетонға дейін, үшінші қатардағы амил спирттер - көміртек C-C байланстарын үзілуімен.
- күкірт қышқылымен - алкенге дейін немесе қарапайым эфирге дейін дегидратация болады.
Алуы
Сивуха майларын шаншу арқылы шыңдауымен және мұнай крекингінің газдарынан синтетикалық жолымен алынады.
Изоамил спирті
Бұл изомерлерінің ең маңыздысы - изоамил спирті (CH3)2CHCH2CH2OH - сивуха майының негізгі құрамдасы. Оның иісі жағымсыз, буы басты ауыртып жөтелдіреді, улы зат. Тығыздығы - 814 кг/м.
Қолданылуы
Амил спирттерінің күрделі эфирлері бояуды еріткіш ретінде, хош иісті заттар жасауда қолданылады.
Жеміс эссенциясына қосылады.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998