Амил спирті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Амил спирті, C5H11OH - бір атомдық қанық спирт. Оның 8 изомерлік түрі бар.

Қасиеттері

Физикалық қасиеттері

Амил спиртер - түссіз, жағымсыз иісі бар сұйықтықтар.

Суда 1-пентанол, 3-метил-1-бутанол и 2-метил-2-бутанол ериді. Қалған амил спирттер суда нашар ериді.

Химиялық қасиеттері

Амил спиртердің барлық спирттерге тән қасиеттері бар:

  • Сілтілі металдармен алкоголят құрайды,
  • Бейорганикалық және органикалық қышқылдармен эфирлерді түзейді,
  • 1-пентанол - пентанальға дейін тотығады, әрі қарай валериан қышқылына дейін тотығады. екінші қатардағы амил спирттер - сәйкесті кетонға дейін, үшінші қатардағы амил спирттер - көміртек C-C байланстарын үзілуімен.
  • күкірт қышқылымен - алкенге дейін немесе қарапайым эфирге дейін дегидратация болады.

Алуы

Сивуха майларын шаншу арқылы шыңдауымен және мұнай крекингінің газдарынан синтетикалық жолымен алынады.

Изоамил спирті

Бұл изомерлерінің ең маңыздысы - изоамил спирті (CH3)2CHCH2CH2OH - сивуха майының негізгі құрамдасы. Оның иісі жағымсыз, буы басты ауыртып жөтелдіреді, улы зат. Тығыздығы - 814 кг/м.

Қолданылуы

Амил спирттерінің күрделі эфирлері бояуды еріткіш ретінде, хош иісті заттар жасауда қолданылады.

Жеміс эссенциясына қосылады.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998