Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Салыстырмалы патологиялық әдіс"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:15, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Салыстырмалы патологиялық әдіс - психология ғылымындағы адамды зерттеу әдістерінің бірі. Салыстырмалы патологиялық әдіс арқылы зерттегенде ақыл-ой әрекеттері зақымдалған ауру адамдардың психологиясы дені сау адамның жан дүниесімен салыстырылып, оның арасындағы айырмашылықтар мен өзгешеліктер қарастырылады. Мысалы, сөйлеудің бұзылуын, қимыл-әрекеттеріне зақым келуін, естің бұзылуын, ұмытшақтықты және т.б. қалыпты психикалық әрекеттермен салыстырып талдаудың ғылыми мәні зор. Салыстырмалы патологиялық әдіс физиологияда, психология мен медицинада көп қолданылады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify