Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ат-Таклид"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Ат-Таклид («жолын қуу», «еліктеу»)- фикһтардың жеке мәселелерін талдауға байланысты әлдебір жеке мазһабтың муджтахидтер беделіне ден қоюшылығы.
VIII ғасырда ат-Таклид Мүхаммедтің пікірлестерінің бірінің тобына жататындықты білдірсе, кейін сондай пікірлестерінің жолын қуушылар тобына жататындықты білдірді.
X ғасырда ортасынан бастап «ыждағаттар есігі» біртіндеп жабыла бастап, оның дәрежелеріне қол жеткізу аса қиындаған кезде, ат-Таклид «муд- жтахидтерге жатпайтын факихтер беделінің өлшемі болып танылды. ат-Таклид«әл-хасс» (ғалымдықтың деңгейі) және «Т. әл-әмм» (жай білімділіктің деңгейі) болып бөлінеді.
Таклид «әл-хасс» үш дәрежеге бөлінеді:
- 1) Таклид ат- тахридж - муджтахидтердің талдауларына сүйене отырып, өз мазһабтарын негіздеу арқылы, шариғаттың түсініксіз жерлерін
сол адамның өзінің түсіндіріп беру қабілеті;
- 2) Таклид ат-тарджих - муджтахидтер сарабынан өткеннен кейінгінің ең дұрысынтаңдап ала білу қабілеті;
- 3) Т. ат-такдир - өзінің алдындағылардың еңбегін жақсы меңгеріп, олардың дәлелдеу жолдарын әбден қаныққан адамның сол еңбектерді
өз жанынан ештеңе қоспай мазмұндан шыға алуы, түсініктеме жазу қабілеті, ат-Таклидның қай дәрежесінде үміткер адам өзінің пікірталасын ғылыми жиында немесе жазба еңбектерімен дәлелдеуі қажет.
Жоғары діни училищелер мен дін ілімі факультеттерін бітірушілер емтихан тапсырғаннан кейін Таклид ат-такдир дәрежесіне ие болады.
Ззаманның қоғамдық-саяси әде-биеттерінде ат-Таклид термит «консерватизм», ал Исламды жетілдірушілер еңбегінде «тоқырау» мағынасын білдіреді.
<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>
Дереккөздер
<references/>