Ат-Таклид

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ат-Таклид («жолын қуу», «еліктеу»)- фикһтардың жеке мәселелерін талдауға байланысты әлдебір жеке мазһабтың муджтахидтер беделіне ден қоюшылығы.

VIII ғасырда ат-Таклид Мүхаммедтің пікірлестерінің бірінің тобына жататындықты білдірсе, кейін сондай пікірлестерінің жолын қуушылар тобына жататындықты білдірді.

X ғасырда ортасынан бастап «ыждағаттар есігі» біртіндеп жабыла бастап, оның дәрежелеріне қол жеткізу аса қиындаған кезде, ат-Таклид «муд- жтахидтерге жатпайтын факихтер беделінің өлшемі болып танылды. ат-Таклид«әл-хасс» (ғалымдықтың деңгейі) және «Т. әл-әмм» (жай білімділіктің деңгейі) болып бөлінеді.

Таклид «әл-хасс» үш дәрежеге бөлінеді:

  • 1) Таклид ат- тахридж - муджтахидтердің талдауларына сүйене отырып, өз мазһабтарын негіздеу арқылы, шариғаттың түсініксіз жерлерін

сол адамның өзінің түсіндіріп беру қабілеті;

  • 2) Таклид ат-тарджих - муджтахидтер сарабынан өткеннен кейінгінің ең дұрысынтаңдап ала білу қабілеті;
  • 3) Т. ат-такдир - өзінің алдындағылардың еңбегін жақсы меңгеріп, олардың дәлелдеу жолдарын әбден қаныққан адамның сол еңбектерді

өз жанынан ештеңе қоспай мазмұндан шыға алуы, түсініктеме жазу қабілеті, ат-Таклидның қай дәрежесінде үміткер адам өзінің пікірталасын ғылыми жиында немесе жазба еңбектерімен дәлелдеуі қажет.

Жоғары діни училищелер мен дін ілімі факультеттерін бітірушілер емтихан тапсырғаннан кейін Таклид ат-такдир дәрежесіне ие болады.

Ззаманның қоғамдық-саяси әде-биеттерінде ат-Таклид термит «консерватизм», ал Исламды жетілдірушілер еңбегінде «тоқырау» мағынасын білдіреді.

<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub