Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бор рияны"
(taxobox + Санат:Рияндар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Taxobox Бояулық риян (Үлгі:Lang-la) - риян тұқымдасы, риян туысына жататын көп жылдық, кейде білеутамырлы бұташық өсімдік. Ембі өзені мен Үстірттің солтүстігіндегі бор жыныстарынан тұратын беткейлерде жеке түп болып кездеседі. Оның жатыңқы, жуандау сабақтарының биіктігі 20 – 50 см, сырты қырлы, жоғары жағы тікенді келеді. Боз, жасыл түсті етжең жапырақтары сопақ пішінді, ұзындығы 2 – 4 см, ені 1 – 1,5 см, 2 – 3-тен шоғырлана орналасады. Жапырақтарының шеті мен асты ілгекше тікенекті келеді. Сары түсті сирек гүлдері жартылай шатырша тәрізді, олар сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Жемісі қара түсті, ұзындығы 3 – 4 мм-дей. Бор рияны өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; </ref> <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>