Бор рияны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Бояулық риян (Үлгі:Lang-la) - риян тұқымдасы, риян туысына жататын көп жылдық, кейде білеутамырлы бұташық өсімдік. Ембі өзені мен Үстірттің солтүстігіндегі бор жыныстарынан тұратын беткейлерде жеке түп болып кездеседі. Оның жатыңқы, жуандау сабақтарының биіктігі 20 – 50 см, сырты қырлы, жоғары жағы тікенді келеді. Боз, жасыл түсті етжең жапырақтары сопақ пішінді, ұзындығы 2 – 4 см, ені 1 – 1,5 см, 2 – 3-тен шоғырлана орналасады. Жапырақтарының шеті мен асты ілгекше тікенекті келеді. Сары түсті сирек гүлдері жартылай шатырша тәрізді, олар сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Тұқымынан көбейеді. Мамырмаусым айларында гүлдеп, шілдетамызда жемістенеді. Жемісі қара түсті, ұзындығы 3 – 4 мм-дей. Бор рияны өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; </ref> <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бор рияны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}