Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Владимир Яковлевич Филимонов"
ш (clean up, replaced: Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені → Қазақстан Республикасында кімнің кім екені, Пайдаланған әдебие using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:07, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Владимир Яковлевич Филимонов 1936 жылы 2 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауылында туған. Орыс. Әкесі - Филимонов Яков Иванович, марқұм. Анасы - Филимонова Федосья Ивановна, марқұм.
- Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген (1959), жаттықтырушы-оқытушы. Қазақ спорт және туризм академиясының қысқы спорт түрлері кафедрасының Құрметті профессоры (2003 жылдан бері).
- ≪Шаңғы жарыстары≫ (2008), ≪Өмірмен жарысқан шаңғы жолы≫ (2008) кітаптарының авторы.
- 1959 жылдан - Өскемен педагогикалық институтының оқытушысы.
- 1960 жылдан - теміржол транспорты жүйесінде жұмыс істеген.
- 1965 жылдан - Алматы қаласы Республикалық жоғарғы шеберлік мектебінің аға жаттықтырушысы.
- 1974 жылдан - шаңғы жарысынан КСРО қурама командасының жаттықтырушысы, аға жаттықтырушысы.
- 1990 жылдан - шаңғы жарысынан ҚР құрама командасының бас жаттықтырушысы.
- 1998 жылдан - ШҰКД бақылау бөлімінің, жоғарғы жетістіктер спорты бөлімінің бастығы.
- 2001 жылдан - шаңғы жарысынан ҚР аға жаттықтырушысы.
- 2009 жылдан бері - шаңғы жарысынан ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы.
Шаңғы жарысынан чемпиондар - Иван Гаранинды, Владимир Смирновты тәрбиелеген. КСРО Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. ҚР Еңбек сіңірген спорт қайраткері. Еңбек Қызыл Ту орденімен (1988); ≪Қажырлы еңбегі үшін≫ медалімен (1976) марапатталған. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - ≪Республиканың кемелденіп, дамитынына сенемін≫. Хоббиі - көркем әдебиет оқу, музыка, спорттық жарыстар. Үйленген. Жұбайы - Филимонова Галина Яковлевна, зейнеткер, суға секіруден ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>