Владимир Яковлевич Филимонов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Яковлевич Филимонов 1936 жылы 2 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауылында туған. Орыс. Әкесі - Филимонов Яков Иванович, марқұм. Анасы - Филимонова Федосья Ивановна, марқұм.

  • Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген (1959), жаттықтырушы-оқытушы. Қазақ спорт және туризм академиясының қысқы спорт түрлері кафедрасының Құрметті профессоры (2003 жылдан бері).
  • ≪Шаңғы жарыстары≫ (2008), ≪Өмірмен жарысқан шаңғы жолы≫ (2008) кітаптарының авторы.
  • 1959 жылдан - Өскемен педагогикалық институтының оқытушысы.
  • 1960 жылдан - теміржол транспорты жүйесінде жұмыс істеген.
  • 1965 жылдан - Алматы қаласы Республикалық жоғарғы шеберлік мектебінің аға жаттықтырушысы.
  • 1974 жылдан - шаңғы жарысынан КСРО қурама командасының жаттықтырушысы, аға жаттықтырушысы.
  • 1990 жылдан - шаңғы жарысынан ҚР құрама командасының бас жаттықтырушысы.
  • 1998 жылдан - ШҰКД бақылау бөлімінің, жоғарғы жетістіктер спорты бөлімінің бастығы.
  • 2001 жылдан - шаңғы жарысынан ҚР аға жаттықтырушысы.
  • 2009 жылдан бері - шаңғы жарысынан ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы.

Шаңғы жарысынан чемпиондар - Иван Гаранинды, Владимир Смирновты тәрбиелеген. КСРО Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. ҚР Еңбек сіңірген спорт қайраткері. Еңбек Қызыл Ту орденімен (1988); ≪Қажырлы еңбегі үшін≫ медалімен (1976) марапатталған. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - ≪Республиканың кемелденіп, дамитынына сенемін≫. Хоббиі - көркем әдебиет оқу, музыка, спорттық жарыстар. Үйленген. Жұбайы - Филимонова Галина Яковлевна, зейнеткер, суға секіруден ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub