Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Порфир"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Сурет:Granite porphyry.jpg
Гранит порфир
Порфир<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VII-том</ref> (грек тілінде porphyreos — қызыл) — ұсақ түйірлі арқауында фенокристары (минералдардың ірі түйірлері) бар қышқыл тау жыныстарының жалпы атауы. Порфирлер сілтілі дала шпаттарының, қышқыл, плагиоклаздың, кварцтың, биотиттің, қоңыр амфиболдың, пироксеннің, т.б. минералдардың түйірлерінен тұрады, ал негізгі массасы микрофельзиттен, шыныдан, альбит пен ортоклаздың микролиттерінен немесе аталған минералдардың өзінен құралады. Минералдық құрамына қарай порфирлі тау жыныстарының саны 60-тан асады. Олардың ішінде кең тарағаны трахиттің сыңары ортоклаз порфирі, липариттің сыңары кварц порфирі. Порфирлі гипабиссал тау жыныстары сығылмалар, силдар, сирек кішігірім штоктар, сақина тәрізді денелер құрайды. Порфирдің түсі сұр, сары, қызғылт, қоңыр болып келеді. Кейбір түрлері әшекейлеу, әрлеу істерінде қолданылады. Дала шпатының ақ сызықты қызыл-қоңыр (ежелгі порфир) түсті тасы Ежелгі Римде қолданылған. Қазақстанда порфирлер төмен девонның қышқыл эффузияларында кездеседі.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы

<references/> немесе <reflist/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub