Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жартөбе каналы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
23:00, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Жартөбе каналы, Аққұм ауылынан солтүстікке карай 5 километр жерде. 2005 жылы "Көксарай барлау тобы" (жетекші Х.Айтқұл) зерттеген. Канал Сырдария өзенінен шыққан арна арқылы Жартөбеге қарай тартылған. Сазантөбе тұсына келгенде 2—3 тармаққа бөлінген. Арнасының 4-5 метр, жанындағы үйіндінің биіктігі 1,70 метр. Жалпы ұзындығы 15—17 километр. Қызылқұм шөліне қарай тартылған тармақ арна орындары байкалады. Су өткен жүйекте арықтардың орны, олардың жанынан егістік алқаптары анықталған.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>
Дереккөздер
<references/>