Жартөбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жартөбе — ежелгі қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданында Сырдария өзенінің сол жағында, “Байырқұм” ауылынан 45 км жерде орналасқан. Сырт көрінісі төртбұрышты төбе. Аумағы 210х210 м, биіктігі 3 м. Қаланың екі мұнарасының қалдығы жартылай сақталған. Сырты дуалмен қоршалып, айнала тереңд. 1 метрге, ені 7 — 8 метрге жететін арна қазылып, оған су жіберіліп, қаланы жауға берілместей қорғаныс жасалған. Жартөбеде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген, ал барлау жұмыстарының нәтижесінде қыш ыдыстардың, құманның, күбінің, тостаған, табақшалардың сынықтары табылды. Табылған бұйымдарға қарағанда, қала 1 ғасырда өмір сүрген адамдар тұрағы болған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}