Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Талғат Сатыбайұлы Таубалдиев"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Алфавит бойынша тұлғалар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
18:43, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі нұсқасы
Талғат Сатыбайұлы Таубалдиев 1962 жылы 20 желтоқсанда Гурьев қаласында туған.
- И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай химиясы және газ өнеркәсібі институтын бітірген (1991), мамандығы - «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау», кен инженері. Техника ғылымдарының кандидаты.
- 1980-1984 жылдары - КСРО Геология министрлігі Каспий маңы мұнай барлау экспедициясында бұрғылау қондырғысының дизелші-моторшысы, мұнай және газға пайдалану және барлау бұрғылауы бұрғышысының көмекшісі. 1992 жылдан - Атырау мұнай құбыры басқармасы мұнай құбырын пайдалану бөлімінің инженері, учаске бастығы, 1994 жылдан - «Оңтүстікмұнайқұбыр» ӨБ Орал мұнай құбыры басқармасының бас инженері. 1998 жылдан - «Теңізшевройл» қазақстан-американ біріккен кәсіпорнындағы тауар-көліктобы маркетинг бөлімінің арнайы жобалар жөніндегі менеджері. 1999жылдан – Батыс филиалы Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бас инженері филиал директорының орынбасары, басқарма бастығы 2004 жылдан - «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының бірінші орынбасары. 2006 жылдан - «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының директоры, 2009 жылдың ақпанынан бас директорының кеңесшісі, 2009 жылдың сәуірінен-бас директордың бірінші орынбасары. 2009 жылдың маусымынан бері - «ҚазТрансОйл» АҚ директорының орынбасары.
- «Ерен еңбегі үшін» медалімен; ҚР Энергетика және ми нералды ресурстар министрлігінің «Қазақстанның құбыр келігіне 70 жыл»,«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ белгілерімен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<References/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}