Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шалкөде (жайлау)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Нұрлан Рахымжанов Шалкөде жайлауйы бетін Шалкөде (жайлау) бетіне жылжытты (айдатқыш қалдырмады)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Шалкөде жайлауы , Алматы облысы Райымбек ауданында орналасқан. Жайлау ауданның солтүстік-шығысында, Кетпен (Ұзынқара) жотасының оңтүстік баурайында, Шалкөде өзен алабын бойлай шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 35 — 40 км-ге созылған. Шалкөде жайлауы таулы жайлауларға жатады. Ол теңіз деңгейінен 2000 — 2150 м биіктікте орналасқан. Жайлаудың орта тұсынан Шалкөде өзені ағып өтеді. Мұнда альпілік шалғын шөптесіндер өседі. Шалкөде жайлауы Райымбек ауданының мал жайылымы саналады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>