Шалкөде (жайлау)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шалкөде жайлауы , Алматы облысы Райымбек ауданында орналасқан. Жайлау ауданның солтүстік-шығысында, Кетпен (Ұзынқара) жотасының оңтүстік баурайында, Шалкөде өзен алабын бойлай шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 35 — 40 км-ге созылған. Шалкөде жайлауы таулы жайлауларға жатады. Ол теңіз деңгейінен 2000 — 2150 м биіктікте орналасқан. Жайлаудың орта тұсынан Шалкөде өзені ағып өтеді. Мұнда альпілік шалғын шөптесіндер өседі. Шалкөде жайлауы Райымбек ауданының мал жайылымы саналады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>