Серiк Сағытжанов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Cepiк Сағытжанов (1941, Атырау қаласы). Мәскеу мұнай институтын (1965), Алматы жоғары партиялық мектебін (1984) бітірген.
- 1958-60 және 1965-67 жылдары слесарь шәкірті, жабдықтауларды жөндеу слесарі, инженер-технолог, Петровский атындағы МҚЗ -нің жаңа техника бойынша бас инженері. *1967-70 жылдары - аға механик, Байшонас МӨБ бас механигі.
- 1970- 76 жылдары - «Доссормұнай», «Жайықмұнай» МГӨБ бас механигі.
- 1976-77 жылдары - Өндірістік қамтамасыз ету борталдық базасының бастығы.
- 1977-91 жылдары - Новобогатый партия аудандық комитетінің екінші хатшысы, Мақат аудандық кеңесінің төрағасы; Атырау қалалық халық бақылау комитетінің төрағасы. *1991-92 жылдары - «Атыраумұнайгазгеология» ӨГБ бас директорының орынбасары.
- 1992-94 жылдары - Мақат аудан әкімшілігінің басшысы, Атырау облысының облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары.
- 1994 жылдан бастап - «Теңізмұнайгаз» АҚ бас директоры, президенті.
- 2002 жылдан зейнеткер.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}