Сейсенбек Мұхамедұлы Ахметов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мағына Сейсенбек Мұхамедұлы Ахметов (26 желтоқсан 1922 жыл қазіргі Ақсу ауданы Көкжиде ауылы) - аудармашы.
Өмірбаяны
- Орталау мектепті бітіргеннен кейін 1938—1941 жылдары Қапал педучилищесінде оқиды.
- Ол өз еркімен майданға аттанып, Калининде 306-шы атқыштар полкінің 20-шы гвардиялық дивизиясы командирі болды. Қантөгіс ұрыстың бірінде жас командир ауыр жарақат алып, №3325 Чкалов қалалық эвакуациялық госпиталіне жіберіледі. <ref>82 кітапқа редактор болған ардагер</ref> Елге мүгедек болып оралады.
- Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түседі.
- Талдықорған облыстық газетінің жауапты хатшысы
- «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеті редакциясында бөлім меңгерушісі
- ұзақ жылдар бойы Қазақстан баспаларында редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі
- Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға бақылаушы редактор болды.
- Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын, жұмыс істей жүріп Мәскеу полиграфия институтының редакторлық бөлімін бітірген. Негізгі шығармашылық саласы — көркем аударма.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
- 1989 жылы Қазақстандағы аудармашылардың ассоциациясын құрып, президенті болды.
Марапаттары
- Отан алдындағы жасаған ерлігі мен жауынгерлік қызметі үшін "Қызыл жұлдыз" ордені
- «Құрмет Белгісі» ордендерімен
- бірнеше медальмен марапатталды.
- «Баспасөз үздігі»
- ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағын алған.
- 1954-1955 жылдары Тың өңірінде журналист болып қызмет еткенде алған «За освоение целинных земель» медалі.
Шығармалары
- Ай, қап! А., Монография. ҚМБ, 1954
- М. Әуезовтің көркем аудармадағы шеберлігі. Зерттеу. А., «Мектеп», 1976
Аудармалары
- А., Волошин. Кузнец жері. Роман. А., ҚМ КӨБ, 1951
- А. С. Макарөнко. Ұстаздық дастан. Роман. А., ҚМКӘБ, 1956
- Л.Соболев. Теңіз жаны. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1957
- А. Толстой. Никитаның балалық шағы. ҚМ КӨБ, 1958
- Арсеньев. Тайга тамашалары. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1975
- С. Солобейчик. Ыждаһатты оқу. Роман. А., «Мектеп», 1976
- Е. Ильина. Сапар. Повесть. А., «Мектеп», 1978
- И. Чобону. Өткелдер. Кукоара. Роман-дилогия. А., «Жазушы», 1979-1982
- 3. Посмыш. Жолаушы келіншек. Повесть. А., «Жазушы», 1985.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}