Сейсенбек Мұхамедұлы Ахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Сейсенбек Мұхамедұлы Ахметов (26 желтоқсан 1922 жыл қазіргі Ақсу ауданы Көкжиде ауылы) - аудармашы.

Өмірбаяны

  • Орталау мектепті бітіргеннен кейін 1938—1941 жылдары Қапал педучилищесінде оқиды.
  • Ол өз еркімен майданға аттанып, Калининде 306-шы атқыштар полкінің 20-шы гвардиялық дивизиясы командирі болды. Қантөгіс ұрыстың бірінде жас командир ауыр жарақат алып, №3325 Чкалов қалалық эвакуациялық госпиталіне жіберіледі. <ref>82 кітапқа редактор болған ардагер</ref> Елге мүгедек болып оралады.
  • Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түседі.
  • Талдықорған облыстық газетінің жауапты хатшысы
  • «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеті редакциясында бөлім меңгерушісі
  • ұзақ жылдар бойы Қазақстан баспаларында редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі
  • Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға бақылаушы редактор болды.
  • Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын, жұмыс істей жүріп Мәскеу полиграфия институтының редакторлық бөлімін бітірген. Негізгі шығармашылық саласы — көркем аударма.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
  • 1989 жылы Қазақстандағы аудармашылардың ассоциациясын құрып, президенті болды.

Марапаттары

  • Отан алдындағы жасаған ерлігі мен жауынгерлік қызметі үшін "Қызыл жұлдыз" ордені
  • «Құрмет Белгісі» ордендерімен
  • бірнеше медальмен марапатталды.
  • «Баспасөз үздігі»
  • ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағын алған.
  • 1954-1955 жылдары Тың өңірінде журналист болып қызмет еткенде алған «За освоение целинных земель» медалі.

Шығармалары

  • Ай, қап! А., Монография. ҚМБ, 1954
  • М. Әуезовтің көркем аудармадағы шеберлігі. Зерттеу. А., «Мектеп», 1976

Аудармалары

  • А., Волошин. Кузнец жері. Роман. А., ҚМ КӨБ, 1951
  • А. С. Макарөнко. Ұстаздық дастан. Роман. А., ҚМКӘБ, 1956
  • Л.Соболев. Теңіз жаны. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1957
  • А. Толстой. Никитаның балалық шағы. ҚМ КӨБ, 1958
  • Арсеньев. Тайга тамашалары. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1975
  • С. Солобейчик. Ыждаһатты оқу. Роман. А., «Мектеп», 1976
  • Е. Ильина. Сапар. Повесть. А., «Мектеп», 1978
  • И. Чобону. Өткелдер. Кукоара. Роман-дилогия. А., «Жазушы», 1979-1982
  • 3. Посмыш. Жолаушы келіншек. Повесть. А., «Жазушы», 1985.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}