Yahoo! Messenger

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox software

Yahoo! Messenger (қысқартылған түрі Y!M) — Yahoo! компаниясының өзіндік жеке жүйелік протоколын қолдана отырып қызметін атқаратын лездік хабар алмасу бағдарламасы. Windows, Mac, Linux (Unix) тұғырларына арналып жасалған түрлері бар<ref>Yahoo Unix Messenger Beta Testing FAQ</ref>. Тегін таратылады әрі осы бағдарламаны қолдану үшін Yahoo! ғаламтор торабында алдын-ала тіркелуді ғана қажет етеді.

Бағдарлама ғаламдық тордың басқа қолданушыларымен нақ сол шақтағы байланыс орнатуы мақсатына арналады. Бағдарлама келесідей мүмкіндіктерді қамтыған: мәтіндік хабарлама, дыбысты хабарласу, бұған қоса көп қолданушылық дыбысты чат, бейнеконференциялар, ұялы және стационарлық телефон нөмірлеріне хабарласу, файл алмасу, онлайн ойындары, баптаулы онлайн әуен таратылымдары, Yahoo! торабының қызметтеріне баптаулы біріккен қол жетімділік. Орыс және қазақ тілдеріндегі сырт келбеті (интерфейс) қазірше жоқ, дегенмен бағдарламаны орыстандыру бағытында жұмыстар атқарылуда<ref>Официальный блог разработчиков</ref>.

Ескертулер

<references/>

Үлгі:Лездік хабар алмасу бағдарламалары Үлгі:Compu-soft-stub