XIX - XX ғ. басындағы Павлодар Ертіс өңірі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

XIX - XX ғ. Басындағы Павлодар Ертіс өңірі

XIX ғ. қазіргі Павлодар облысы патша билігінің әлеум.-экономикалық және саяси реформаларына бағынышты болды. XIX ғ. 20 ж. басында Баянауыл аймағы Ресей және Қытай империясы сияқты екі ұлыс тоғысқан жер болды. 1821 ж. Орта жүз қазақтары қытайлармен келіссөз жүргізуге тырысқан Уәлиұлы Ғұбайдолланы хан етіп сайлады. Аймақтық билік Баянауыл тауларына келген қазақтарқытай өкілдерінің, жасақтың келу себебі осы екенін де білді. 1824 ж. Баянауыл ауданы Орыс отряды заң жүзінже сайланған басшыны қамауға алды, ақырында оны дәстүрлі саяс қуғын орны Березов –ке айдады.

1824 ж. Омбы қ. Шоң Едіге би басшылығымен сұлтан Жұма Құдаймендиев иелігінен депутаця келді. Олар шекара басына Сүйіндік руына жеке аймақ ашылуы жайлы өтінішпен келді. Өтініш білдірушілерге Омбы басшысы бекітілген Қарқаралы аумағы құрамына жеке болыс болып кіруге жасаған ұсынысынан қазақ депутаттары бас тартты.

Баянауыл сыртқы аймағының құрылуы

Баянауыл сыртқы окр. 1826 жылы ғана құрылды. Алайда оны Қарқаралы айм. Қосып жібергісі келген шекара билігі оны 1833 жылға дейін ресм түрде бекітпеді. Округ Омбы облысы Басқаруға бағынды. Аймақ халқы сан алуан көшпелі шаруашылық Арғын руынан құралды. Сібір қазақтары үшін патша үкіметі тартып алған себепті жайылым жерлердің жетіспеуінен бірнеше болыстық аймақтар көрші Томск губерниясының кейбір жерлерін жалға алуға мәжбүр болды. Мәселен Ертістің оң жағасында1000 –нан астам шаруашылықтан тұратын Сәмеке-Бәсентейін болысы амалсыз қоныстанып отырды. Осындай жағдайды Уақ руының көпшілігі басынан кешірді. Баянауыл сыртқы аймағының алғашқы сұлтаны болып Сүйіндік руының ірі Айдабол тармағына басшылық еткен Шоң Едге би тағайындалды. Аймақтағы ең жоғарғы басшылық орнына сайлау кезінде Сұлтанбеттің ұрпағы Бопы Тәтенов сұлтан да қытысып, жеңіліп қалды. Аға сұлтандыққа «қара сүйек» өкілін қою арқылы орыс үкіметі өзге де «жай адамдарға» билікке жол ашатын қарама-қайшылықты тудырды. Болыстық құрылымдағы осы өзгерістер патша үкіметі әмірімен болып отырды, осылай сұлтан әулеті ұрпақтарын биліктен шеттету басталды.

Павлодар үйезінің болыстары

ХІХ мен XX ғ.ғ. басындағы облыс пен Ресей губерниясындағы әкімшілік-аймақтық бірлік.

1833 ж. Баянауыл сыртқы аймағында көшпелі болыстар құрылды.

XIX ғ. соңында Павлодар үйезінде 16 көшпелі қазақ болыстары болды.

1905 жылдан, Столыпиннің аграрлық реформасына сәйкес, үйезге шаруалардың жаппай көшіп келуі басталды. Қогыс тебушілер өз ауылдарын, өз болыстарын да құра бастады.

Кенесары Қасымов басшылығымен болған ұлт-азаттық қозғалыс

XIX ғ. Павлодар Ертіс өңіріне аймақтың қазақ халқы 30 ж. Кенесары Қасымов басшылық еткен ұлт-азаттық қозғалысқа қатысуымен есте қалды. Мәселен, сібір казактары шекара басқармасының бастығы полк. Талызиннің 1838 ж. баяндамасында: «Жыртқышқа (Кенесары Қасымовқа – Т. И.) Ақмола айм. Сұлтандарының көп бөлігі ғана емес, сонымен қатар Баянауыл, Қарқаралы мен Көкшетаудан да көбі қосылды. Қалған барлық сұлтандар өкіметке сырттай ғана адал болып қалғандар Кенесарымен құпия байланыста болды».

1837 ж. аяғында патша қанаушыларына қарсы күреске Баянауыл айм. Көп руы қосылды: Қозған, Айдабол, Қаржас және т.б. Осы айм. Қазақтары көтерілісінің белсенді ұйымдастырушы Қаржас руынан Сейтен мен Тайжан Азнабаевтар болды. Көптеген мұрағат материалдарында Кенесары ханның жақын жорықтастары ретінде саналады. Белгіленген және жіберліген батырлардың орнына өзгелері келіп отырды. Баянауыл айм. Төртұл болысындағы көтеріліс жетекшісі Таймас Бектасов болды. Ақырында ол ханның әскери мәселелер бойынша кеңесшісіне айналды. Сол кездегі мұрағат құжаттарында ол туралы былай дейді: «оның Кенесарыдан жұбы жазылмайтын, орыс жасақтарына шабуылдаған кезде басты адам болатын, орыстарға қалай соққы беру керектігі жөнінде Кенесарыға кеңес беретін, сол үшін де Кенесары ықыласына бөленді, тіпті бір ыдыстан ас бөлісіп жейтін. Ханның атақты батырларының қатарына Сүйіндік руынан шыққан Жанайдар батыр да кірді. Қозғалыстың белсенділерінің ішінде Олжабай Бәбекі, Шапшақ Кейкі және Тұмат Сайдықовтың да есімдері ұшырайды. Патшалықтың қанауына қарсылық көрсетудің бір түрі қоныс аудару еді. Көтеріліс кезінде Баянауыл айм. Шаңтөрі бмен бірге Айдабол руы, Олжабай старшинасымен бірге Орманшы-Төртұл ауылының жартысы көшіп кетті.

Болыстар:

  1. Қызылағаш;
  2. Железинка;
  3. Алқакөл
  4. Қараөткел;
  5. Павлодар;
  6. Ақкөл
  7. Алтыбай;
  8. Ақбеттау;
  9. Шақшанан;
  10. Ақсу;
  11. Атақозы;
  12. Қарамола;
  13. Баянауыл;
  14. Ақкелін;
  15. Қызылтау;
  16. Кеңтүбек;
  17. Малыбай;
  18. Сейтен;
  19. Маралды;
  20. Ұрық;
  21. Тереңкөл;
  22. Айғыржал.

Болыстардың басқарудың «Уақытша ережесі»

Өлке өмірінің басты оқиғасы 1868 ж. 21 қазандағы өкіметтің Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқарудың «Уақытша ережесі» болып табылды. Соңғы құрамда Павлодар үезі де құрылды. Үйез Семей облысы Солтүстік жағында Қарқаралы үйезінен – оңтүстікке Томск губерниясына дейін – шығыста және Солтүстік-шығыста кең аумақта орналасты. Батыста үйез Ақмола облысы, оңтүстік шығыста – Семей үйезімен шектесті. Үйез аумағы 103788,2 шаршы шақырым жерді алып жатты, XX ғ. басында . - 160270 адам, оның ішінде 144160 - қазақтар, 8800 - казактар, қалғандары - шаруалар, мещандар және өзге қабаттың өкілдері болды.

XIX екінші жартысында- XX басында Павлодар ү. айм. Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруаларды жаппай көшіру басталды.Қазақтар шаруашылықтарының негізі түрі көшпенді және жартылай көшпенді мал шаруашылығы еді. Алайда патшалық тұрғылықты халықтың жерлерін тартып алғаннан кейін қоғамның жаңа әлеум.қабаты – жасақтар пайда болды. Олар Ертіс бойында төсілген казактарға, үйез және көрші Томск губерниясы шаруаларында еңбек етті. Қазақтардың көп бөлігі казактар мен шаруаларға жерді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемін төлеуге мәжбүр болды.

Шаруалардың көшіп келуі көшпенділердің ең құнарлы жерлерін жаппай тартып алу үрдісіне әкеп соқты. Өңір тарихындағы жарқын оқиғалардың бірі біздің жерлестеріміздің атақты «Қарқаралы петициясын» құруға ат салысуы еді. 1905 ж. маусымында Ресейдің Ішкі істер Мин. 47 тармақтан тұратын, өзекті де тағдыр шешетін дала қазақтарының мәселелерін өзек еткен өтініш келіп түсті. Бұл нағз заңды құжат авторлары: Павлодар ү. Атақозы болысынан Омархан молла Музафыров, Қарқаралы ү. Едрей болысынан Апық Жолшарин және Семей ү. Сейтен болысынан Темірғал Нұрекенов болды. Сонымен қатар 20.5.1907 қазақ халқының осы мәселелерін Омбы қ. дала ген.-губ. жеке жиналысында 12 құзіретті тұлға да ескере кетті. Оның ішінде Павлодар ү. 2 қазағы Мұхамед Қабір, Ысқақ Бердалин (Павлодар бол. ) және Ілияс Жанқарин (Тереңкөл бол.) болды.

Ескертулер

<references />

Әдебиет

  1. Павлодар. Павлодарская облысы. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Қазақстан, А-А., 1969 (Павлодарс Ертіс өңірі).