Web-бет дизайн

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн. Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі практикалық, бұл бөлімде дайын сайт жасап шығарылады.<ref>http://www.altynsarin.ru/referat_kaz/1288-web-bet-dizajjny-html-referat.html</ref>

Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар

Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер. Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:

  • Жоспарлау;
  • Элементтерді жасақтау;
  • Бағдарламау;
  • Тестілеу;
  • Жариялау;
  • Жарнамалау;
  • Бақылау;

Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек: 1. Сайттың орны. 2. Сайттың аудиториясы кімдер. 3. Қандай ақпарат жарияланады. 4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады. Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады: 1. Навигациялық құрылымын жасау. 2. Беттің дизайнын жасау. 3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.

Тестілеу

Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде: 1. Сілтеменің жұмысы; 2. Мәтіндегі қателер; 3. Навигацияның тиімділіғі. 4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы. 5. Графикалық файлдардың ашылуы. 6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.

Жариялау

Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.

Жарнамалау

Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады: 1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек; 2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу; 3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу; 4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.<ref>http://kaz-referat.ru/ref-kaz/7-dizajn-web-stranic-html-web-bet-dizajny-html.html</ref>

Бақылау

Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек.

HTML негіздері

HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі. HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera. HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз. Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы, <html> тегтiң жұмысын ашады да келесi </html> тегi оны жабады. <title> ашылуы, </title> жабылуы. Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, <IMG> т.с.с. Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз.<ref>http://referats-kz.ru/load/15</ref>

Дереккөздер

<references/>