Warcraft III: Reign of Chaos

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Компьютерлік ойын Warcraft III: Reign of Chaos - RPG элементтері бар нақты уақыттағы стратегия жанрындағы компьютер ойыны. Blizzard Entertaiment компаниясымен жасалынып сатылымға 2002 жылы шықты.
Warcraft III: Reign of Chaos сол кездегі ең көп күткен ойын болды: 4,5 млн алдын ала тапсырыс, және 1 млн-нан асатын ойынның көшірмелері бір айдан кем уақытта сатылды. Осы көрсеткіштер арқылы Warcraft III: Reign of Chaos осы жылдың ең сатылатын ойыны болды. Сонымен қатар Warcraft III: Reign of Chaos жылдың "жылдың ең жақсы ойыны" және "жылдың ең жақсы стратегиясы" жүлделеріне ие болды.
Бұдан алдыңғы серия ойындарынын айырмашылығы расалардың саны төртке дейін өсті. Ендігі өліктер және түнгі эльфтер деген расалар қосылды.
Ойынмен бірге карталардың редакторы World Editor бар. World Editor арқылы ойнның өзінің карталарын өзгертіп немесе карталарды өзіне де жасауға болады. Ең әйгілі карталардың бірі DotA: Allstars болды. Бір жылдан кейін Warcraft III: Reign of Chaos-қа The Frozen Throne деген үстеме шықты.