The Guardian

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Газет

«The Guardian» (басылым) – ұлыбританиялық әйгілі күнделікті газет. Оның алғашқы саны 1821 жылы Манчестер қаласында жарық көрген. Бастапқыда газет атауы «The Manchester Guardian» болған. 1959 жылы Манчестер атауы алынып тасталынды. Себебі ол уақытта газет редакциясы Манчестерден Лондонға көшеді. Басылым либералды партияны қолдайды. Сондықтан оның оқырмандары да осы бағытты ұстанушылар болып келеді. 2005 жылдың қыркүйегінде британдық басылым «берлинер» аталатын шағын форматпен шыға бастады.<ref>Рамазан А. Шетел журналистикасының тарихы: Оқулық. – Алматы: Қазақ Университеті, 2006 ж.</ref>

Guardian Media Group компаниялар тобына тиесілі.

Бас редакторлары

Алан Расбриджер (1995 — қазіргі уақытқа дейін)

  • Джон Эдвард Тэйлор (1821—1844)
  • Джереми Гарнетт (1844—1861) (1847-1848 жылдары Рассел Скотпен бірігеді)
  • Эдвард Тэйлор (1861—1872)
  • Чарльз Прествич Скотт (1872—1929)
  • Тед Скотт (1929—1932)
  • Уильям Персиваль Крозье (1932—1944)
  • Альфред Пауэлл Уодсворт (1944—1956)
  • Элестер Хизерингтон (1956—1975)
  • Питер Престон (1975—1995)

Дереккөздер

<references/>