Ruhrstahl X-4

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Ruhrstahl X-4 missile.jpg
Ruhrstahl X-4 зымыраны

«Руршталь Х-4» немесе «Крамер Х-4», кейде оны «RK 344 Рур Шталь-Краммер» деп те атайды. «Әуе-әуе» класына жататын зымыран түрі. Оны екінші дүниежүзілік соғыс кезінде «Рур Шталь АГ» жобасын дайындаған инженер Макс Крамер жасап шығарды.

Тарихы

Зымыран құрылысы 1943 жылдан бастап соғыстың соңына дейін дамытылды. «Әуе-әуе» класындағы басқарылатын зымыранды дайындауға кірспес бұрын дәрігер- инженер Крамер бірнеше жыл бойы бомбаны нысанаға бағыттау кезінде оны басқаратын аппарат жасаумен айналысқан болатын.

Осыдан кейін оған одақтастардың бомбалаушыларын құртатын басқарылмалы зымыран жасау туралы идея келді. Осы идеясы «Х-4» зымыраны арқылы жүзеге асырды. «Х-4» алғаш рет 1944 жылдың 11 тамызында сыналды. Оны «Фукке-Вульф Fw 190» жойғыш-ұшағынан ұшырды. Кейінірек сынақ үшін «Ю-88» және «Ме-262» реактивті жойғыш-ұшақтары қолданылды.

Зымыранды дайындау кезінде оны бір орынды жойғыш-ұшаққа орнату жоспарланған еді. Кейін бір мезгілде ұшақты басқарып әрі зымыранды нысанға бағыттау ұшқышқа қиынға түсетіні анықталды. 1945 жылдың басына дейін Руршталдағы зауыттың бірінді «Х-4» нысанының 1000 бірлігі жиналды. Кейін «БМВ» зауытында зымыран қозғалтқышын өндіру тоқтатылғандықтан зымыран шығуын тоқтатты «Руршталь Х-4» екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жасалғанымен, майданға қатыспады.<ref>1100 қызықты деректер, Аруна баспасы 121 бет</ref>

Дереккөздер

<references/>