Rk 62

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Rk 62"(Вальмет) - "Вальмет" және "Сако" компаниялары құрастырып, дайындап шығаратын финдік автомат түрі. Бұл автомат Калашников автоматының лицензияланған нұсқасы ретінде танымал. Қару армиялық тексеруден өткен. Аталмыш қару 1962 жылы қарулы күштер қатарына енгізілген. Механизмі жағынан бұл автоматты Калашникова автоматының толық көшірмесі деуге толық негіз бар. Бірақ өзіндік айырмашылықтарымен ерекшеленеді. "Rk 62" ерекшеліктері:

  • бүктелмейтін металл түтіктер;
  • жаңа көздеу құрылғылары;
  • пластикалық сабы.

Қарудың модификацияланған түрлері

"Rk 76" - "Rk 62" үлгісінің бір түрі. Ол 1976 жылы қару қатарына қабылданды. Айырмашылығы: штампталған оқпан қорабы және жаңа құндақ мойыны. Оның өзіндік қызметі бар: ол газ түтігін жартылай жауып тұрады. Сол себепті қарудың салмағы азайып, құны кемиді. Кемшілігі: беріктігі шамалы.

"Rk 95TP" - автоматтың ең жаңа нұсқасы. Ерекшелігі: фрезамен өңделген оқпан қорабы және оң жағынан бүктелетін шүйдесі. Бұл қару түрі израильдік Галил үлгісінде құрастырылған.

"M625" - қарудың азаматтық мақсатта қолданылатын нұсқасы. Ерекшелігі: "Рефлекс" дыбыс тұншықтырғышымен жабдықталған.

"Сако" және "Вальмет" клмпаниялары жасап шығарған винтовка түрлері қазіргі таңда Солтүстік Еуропада кеңінен таралған. Жергілікті ауа-райына бейімделіп жасалған.

Дереккөздер

Д.Мазен. Қару жарақтар. -Алматы: "Аруана" баспасы. - 208 бет.