PlayStation Vita (PS Vita)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

PlayStation Vita (PSV) - Sony Computer Entertainment жасаған портативті консоль, PlayStation Portable мирасқоры болып табылады. Жапонияда 17 желтоқсан 2011 жылы, Солтүстік Америка және Еуропада 22 ақпан 2012 жылы шығарылды.

27 қаңтар 2011 жылы PlayStation Meeting 2011-де бұл жүйе PlayStation Suite-пен бірге құлағдар етілді. Консоль анонсқа дейін, бөтен өндірушілердің сыбыстары арқылы бізге PSP2 атауымен белгілі болды. E3 2011 болмас бұрын, жүйе Next Generation Portable (NGP) деген атауға ие болды. Консоль Ресейде ИгроМир 2011-де алғаш көрсетілді.

Мазмұн
  1. Техникалық мінездемелері
  2. Тасымалдаушы
  3. Бағдарламалық қамтамасыз ету
  4. Ойындар
  5. Консольдың шығуы
  6. Сатылымы

Техникалық мінездемелері

Бастапқыда консоль анонспен бірге сипаттамаларыда жарияланған болатын. E3 2011 кейін нақты сипаттамалары анықталды.
*Орталық процессор: 4-ядерлі процессор ARM CortexTM-A9 Cortex-A9.
*Графикалық процессор: SGX543MP4+ OpenGL 2.0 қолдауымен (200 MHz, 133 MPolygon/s, 4 GPixel/s) және 128 мегабайттық бейнежад.
*Оперативтiк жад: 512 мегабайт.
*Дисплей: 5-дюймді (127мм) OLED-дисплей, 960 × 544 (16:9) 220 dpi, TrueColor.
*Өлшемдері (ұзындығы × биіктігі × қалыңдығы): шамамен 182×83,55×18,6 мм.
*Енгізу батырмалары: PS батырмасы, қоректенудiң батырмасы, крестовина (жоғары/төмен/оңға/солға), әрекет жасау бытырмалары (Үшбұрыш, Дөңгелек, Крест, Квадрат), (L, R) бүйiр батырмалар, 2 аналогты стик,, Start және Select батырмалары, (+/) дауыс қаттылығын реттеудiң батырмасы; сонымен бiрге multi-touch сыйымдылық сенсор пердестерi және артқы сенсор панелi.


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:PlayStation Vita (PS Vita)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}