Nomad-Kazakhstan
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
«Nomad-Kazakhstan» (басылым) – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көретін қазақстандық басылым. <ref>Рамазан А. Шетел журналистикасының тарихы: Оқулық. – Алматы: Қазақ Университеті, 2006 ж.</ref>
Журналдың алдына қойған мақсаты – шетелдерде тұратын қазақтардың арасында қазақ тілін қолдау, сақтау сондай-ақ олармен мәдени байланыстарды нығайту. Журнал беттерінде «Тарих», «Мәдени мұра», «Қоғамдық келісім», «Ашылымдар», «Табиғат және саяхат», «Өнер» секілді айдарлар бар. Журнал шетел қазақтары арасында кеңінен танымал, сондықтан оның беделі де күннен-күнге артып келеді. Ата-жұртын аңсаған қазақ бауырларға қазақ елі, жері, мәдениеті жайлы таптырмас мағлұматтар беретін журналдың маңызы зор.
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Суретсіз мақала