NOMAD каскадёрлер тобы
NOMAD - Қазақстандық каскадёрлік топ. Қазақ мемлекеттік циркі негізінде құрылған. Басшысы - Жайдарбек Күнғожинов. Құрамында 40 каскадёр мен 30 үйретілген жылқы бар. Голливуд, Ресейдің атыс-шабыс фильмдерінде каскадёрлік жұмыс атқарады. Қазақстанда атыс-шабыс жанрндағы фильмдердің аздығынан, елімізде онша танымал емес. Каскадёрлер үнемі әртүрлі трюктерді шынайы жасауымен ерекшеленеді. Көбінесе, жапондар қуыршақтарды көп пайдаланады. Ал голливуд трюктердің шынайы болғанын қалайды. Сондықтан NOMAD тобының жігіттері сұранысқа ие. Қазақстанда каскадерлер кәсіби түрде дайындалмайды. Сондықтан да, топтың мүшелерінің көпшілгі кәсіби каскадёр емес. Олар негізінен: шабандоз, цирк шеберлері болып келеді. Сергей Бодров Көшпенділер фильмін түсіру кезінде NOMАD жігіттерін таңдайды. Оның айтқаны: "Шабандоздар Испанияда, Англияда бар, дегенмен қазақтар ең үздік шабандоздар". Топтың ең танымал мүшесі - Нұрлан Алтаев.
NOMАD мүшелері қатысқан фильмдер
- Конон варвар
- Көшпенділер
- Моңғол
- Аманат
- Махамбет
- 47 ронин
- Жаужүрек мың бала
- Сіз кімсіз К мырза?
- Мұстафа Шоқай
- Жанқиярлар 2
Топ мүшелері бірге жұмыс істеген актёрлер
- Сильвестр Сталлоне
- Арнольд Шварценегер
- Джет Ли
- Чак Норрис
- Дольф Лунгрен