Microsoft Visual Studio
Microsoft Visual Studio — Майкрософт компаниясының өнімдер тізбегі, құрамына біріктірілген өңдеу ортасы бағдарламалық жасақтамасы және басқа да аспаптық (инструменталды) құралдар кіреді. Аталған өнімдер консольдік қосымшалармен қатар қолданбалы бағдарламалық жасақтамалары да кіреді, мысалы қолданушының графикалық интерфейсі жасақтамасы, сонымен қатар Windows Forms технологиясын қолдану арқылы да, және веб-сайт, веб-жасақтамалар, веб-қызметтер Машинелік кодында және басқа Басқарылатын код арқылы да Microsoft Windows, Windows Mobile, Windows CE, .NET Framework, .NET Compact Framework и Microsoft Silverlight қолданатын барлық платформаларға.
Мазмұны
Компоненталары
Visual Studio келесі өнімдердің бір немесе бірнеше компоненталарын өз бойына алған (қамтиды):
- Visual Basic .NET, оған дейін — Visual Basic
- Visual C++
- Visual C#
- Visual F# (Visual Studio 2010ға енген)
Тапсырыстың көп нұсқалары келесі өнімдерді өз бойына қамтиды:
Өткен уақытта Visual Studio құрамына келесі өнімдер кірген:
- Visual InterDev
- Visual J++
- Visual J#
- Visual FoxPro
- Visual Source Safe — файл-серверлік версияларды басқару жүйесі
Версиялары
Visual Studio Version 4.0 шыққанға дейін Visual Basic 3, Visual C++, Visual FoxPro және Source Safe өңдеу орталары өз бетінше пакеттер ретінде ұсынылып келген болатын.
Ресми атауы |
Кодтық атауы |
Ішкі нұсқа |
Нұсқа .NET Framework |
Шығу мерзімі |
---|---|---|---|---|
Visual Studio | Үлгі:N/A | 4.0 | Үлгі:N/A | Көктем 1995 |
Visual Studio 97 | Boston | 5.0 | Үлгі:N/A | 1997 |
Visual Studio 6.0 | Aspen | 6.0 | Үлгі:N/A | 1998-06 |
Visual Studio .NET (2002) | Rainier | 7.0 | 1.0 | 2002-02-13 |
Visual Studio .NET 2003 | Everett | 7.1 | 1.1 | 2003-04-24 |
Visual Studio 2005 | Whidbey | 8.0 | 2.0 | 2005-11-07 |
Visual Studio 2008 | Orcas | 9.0 | 3.5 | 2007-11-19 |
Visual Studio 2010 | Dev10/Rosario | 10.0 | 4.0 | 2010-04-12 |
Visual Studio 97
Visual Studio 97 — ең алғаш бағдарламалық жасақтама үшін әр түрлі өңдеулер қосылған Visual Studio бағдарламасының алғашқы нұсқасы болып табылады. Бағдарлама екі нұсқадан тұрады - Professional және Enterprise, солай-ақ Visual Basic 5.0, Visual C++ 5.0, Visual J++ 1.1, Visual FoxPro 5.0 және Visual InterDev бағдармалары құрамына кіреді.
Visual Studio 6.0 (1998)
Visual Studio 6.0 — Win9x платформасында қызмет атқаратын Visual Studio бағдарламасының соңғы нұсқасы. (1998 жылы іске қосылған). Бұл нұсқа осы күнге дейін Visual Basic бағдарламасын пайдаланатын программисттердің арасында әйгілі. Visual Studio бағдарламасының бұл нұсқасы Windows пен Microsoft-тың арасындағы қосымшалардан .NET. платформасы пайда болғанға дейін негізгі ортасы болып табылады.
Visual Studio .NET (2002)
Visual Studio .NET (кодтық атауы Runner; ішкі версиясы 7.0) - 2002 жылдың ақпан айында іске қосылған (.NET Framework 1.0 бағдарламасымен бірге ). Visual Studio .NET бағдарламасы үшін Service Pack 1 2005 жылдың наурыз айында пайда болды.
Visual Studio .NET 2003
Visual Studio .NET 2003 - (кодтық атауы Everett; ішкі версиясы 7.1) — 2003 жылдың сәуір айында іске қосылған (құрамына .NET Framework 1.1 кіреді). 2005 жылдың сәуір айында Microsoft Visual Studio .NET 2003 Professional Special Edition бағдарламасы пайда болғанын хабарлады. Келесі жаңа сатыға көтерілу үшін көптеген атқарымы бар Visual Studio .NET 2003 Professional Special Edition бағдарламасы пайда болды.
Visual Studio 2005
Visual Studio 2005 (кодтық атауы Whidbey; ішкі версиясы 8.0) — 2005 жылдың қазан айында іске қосылған (құрамына .NET Framework 2.0 кіреді). 2005 жылдың қазан айының басында Express редакциясында жаңа өнімдер пайда болды: Visual C++ 2005 Express, Visual Basic 2005 Express, Visual C#2005 Express. 2006 жылдың 19 сәуірінде Express редакциясы тегін болды. VS2005 үшін Service Pack 1 және Express-редакциясы 2006 жылдың 16 желтоқсанында іске қосылды.
Visual Studio 2008
Visual Studio 2008 (кодтық атауы Orcas; ішкі версиясы 9.0) — .NET Framework 3.5-пен бірге 2007 жылдың 19 қарашасында іске қосылды. Бұл бағдарлама ОС Windows Vista , Office 2007 және веб-қосымшаларды жасауға мақсатталған. C# және Visual Basic тілдерінің жаңа нұсқалары және LINQ бағдарламалары құрамына кіреді. 2008 жылдың 28 қазанында алғаш рет бағдарламаны орыс тілінде пайдалануға мүмкіндік болды.
Visual Studio 2010
Visual Studio 2010 (кодтық атауы Hawaii, Ultimate — Rosario-ға арнайы; ішкі версиясы 10.0) — .NET Framework 4.0-пен бірге 2010 жылдың 12 сәуірінде іске қосылды. Бұл бағдарламаға C# 4.0 және Visual Basic .NET 10.0 тілдерінің қолдауы құрамына кіреді.
Visual Studio vNext (2012)
Сілттемелер
<references/>