ITB Berlin көрмесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:DBP 1991 1495-R.JPG
ITB Berlin көрмесінің 25-жылдығына арналған пошта маркасы

ITB Berlin (Internationale Tourismus-Börse Berlin) халықаралық туристік биржасы – дүние жүзінің аса ірі және танымал көрмелердің бірі болып табылады. Көрме 1966 ж. жылдан бері бастау алады. Ол кезде 5 елден 9 экспонент қатысқан болатын. 2002 ж. бері көрме Еуропа елдерінің арасынан ең ірі маңызды орынға айналды. Ол жылы көрмеге 180 елден 9000 экспонент қатысты. Сол жылы келушілердің саны да 2001 ж. қарағанда көп, яғни 135 мың. шамасында болады. 2003 ж. көрме біршама аз келушілерді жинады. Ал 2004 ж. көрменің қызмет барысы Ирак пен Нью-Йорк қаласындағы болып өткен оқиғаларға байланысты біраз баяулады. Дегенмен сол жылы 180 елден 10 мың. экспонетттер қатысты<ref name="source1">http://www.turbooks.ru</ref>. Көрмеге 2011 жылы 11 000-дай қатысушылар өздерінің көрме қойылымдарын әкелген болатын. 2011 жылы көрмеге 169295 адам, оның – 110791-і мамандар болған. Негізінен көптеген мамандардың айтуы бойынша, бұл көрменің бағыттары ретінде, халықаралық туризмнің негізгі даму тенденциялары болып табылатын – Круиздер, Экологиялық туризм және Мәдениеттік туризм болып табылады.

Тарихы

ITB Berlin германдық кәсіпкер және көрме менеджері Манфред Буштың бастауымен бой көтерген болатын. Бірінші рет көрме 1966 жылы ашылды, алғаш рет оған 5 елдің өкілдері қатысқан болатын, атап өтсек, Бразилия, Гвинея, Египет, Ирак және Германия Федеративтік Республикасы болса, ал енді соңғы жылдары қатысушы елдердің саны 180-ге өсті. ITB Berlin жыл сайын наурыз айында өткізіледі, ал 2011 жылы көрме өзінің 45 жылдық мерейтойын атап өтті. Көрменің серіктес елдері жыл сайын бірін-бірі ауыстыруда: 2010 жылы – Түркия, 2011 жылы – Польша, ал 2012 жылы Египет елі көрмені өткізбек ойы бар.

Ұйымдастырушысы мен өткізу орны

Көрменің ұйымдастырушысы мен өткізу орны - Берлин қаласындағы - Шарлоттенбург-Вильмерсдорф әкімшілік округының Messegelände ірі көрме комплексі болып табылады. Бұл комплекс 16000 ш.м. құрайтын 26 көрме павильондарынан тұрады. ITB Берлин көрмесін жай ғана көрме деуге болмайды, себебі түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысуы, халықаралық деңгейдегі кездесулер мен бизнес аталмыш көрмеде өз орындарын тапқан. Жыл сайын ITB көрмесіне ондаған мың адам қатысады, келіп көреді, олар өздерінің іскерлік байланыстарын кеңейтуге және жаңа туристік бағыттармен байланыстар орнатуға ұмтылады. Көрме шеңберінде форумдар, саммиттер, кеңестер және ірі туристік ұйымдардың кездесулері өткізіледі. Сонымен қатар, көрмеде туризм индустриясының құрамына кіретін барлық ұйымдар көрсетілген: оларға – туризмнің халықаралық федерациясы , ұлттық және жергілікті туристік ұйымдар, туристік және тасымалдау құралдарының агенттіктері, туроператорлар, қонақ үйлер, сақтандыру компаниялары және т.б. кіреді.

ITB Berlin көрмесі – турбизнестің экономикалық жағдайының барометрі ретінде танылған және маңыздылығы жағынан Лондондық «World Travel Market» көрмесінен кейінгі екініші орынды иеленуде<ref name="source1">http://ru.wikipedia.org</ref>.

Қазақстан мен ITB Berlin

Праздник Международных Дельфийских игр (МДС) на Международной туристской бирже ITB Berlin 2010 года </span>
Сурет:Itb2010 kazakhstan musicians.jpg
Музыкальная этногруппа «Beles». Традиционные мелодии (Қазақстан)
Сурет:Itb2010 german pipeband.jpg
Ансамбль «Rhine Power Pipe Band» (Германия). Шотландская музыка
Сурет:Itb2010 korean dancers.jpg
Группа «Sound of Korea». Народные песни и танцы (Корея Республикасы)


2011 жылғы 9-13 наурыз кезеңінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Берлин қаласында (Германия Федеративтік Республикасы) жыл сайын өтетін 45-ші ITB 2011 халықаралық туристік көрмесіне қатысты. Қазақстан көрме қорытындылары бойынша екі наградаға ие болды. 5 санат бойынша - «Еуропаның ең үздік стенді, «Американың ең үздік стенді», «Таяу Шығыстың ең үздік стенді», «Азия, Тынық мұхит өңірі және Австралияның ең үздік стенді» және «Африканың ең үздік стенді» ең үздік стендке награда ұсынылды, сондай-ақ әрбір санатта 10 номинант жарияланды. Басқа мемлекеттердің (188 қатысушы мемлекет) яғни жеңімпаз елдердің ұлттық әкімшіліктерінің арасында Қазақстан стенді өз тарихында бірінші рет тәуелсіз сарапшылардың бірауыздан айтқан пікірлері бойынша «Best of best» - «Үздіктердің үздігі» наградасымен марапатталды, осылайша еліміздің туристік әлеуетін таныстыру бойынша бүкіл әлемдегі № 1 елге айналды<ref name="source1">http://www.mts.gov.kz</ref>.

Дереккөздер

<references/>