IPTV

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:IPTV-Countries.svg
Дүние жүзіндегі IPTV қосылған елдер. Үлгі:Legend

IPTV (Үлгі:Lang-en — теледидар интернет хаттамасы) — трипл-плэй (Үлгі:Lang-en — үшқырлы орындау) мультисервистік желі шеңберінде толықтай интерактивті қызмет көрсетуге көшкен технология.

Тарихы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:IPTV|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

Технология негіздері

IPTV технологиясы IP желілерде келесі хаттама негіздерінде қызмет атқарады:

  • HTTP — әрекеттесу қызметтерді ұйымдастыру үшін (мысалы, пайдаланушы мәзірі т.б.);
  • RTSP — хабар тарату ағындарын меңгеру үшін;
  • RTP — ағындық видеоны тарату үшін;
  • IGMP — кең түрде хабарлауды (multicast) меңгеру үшін.

Видео, MPEG-2 не H.264/MPEG-4 AVC қысуды пайдаланып, MPEG-TS пішінімен таратылады. Әдетте IPTV-ге арналған ағын 4 MB/s жылдамдығын алады.

Артықшылықтары

Үйіңізге аталған қызмет түрін орнату арқылы сіз төмендегідей мүмкіндіктерге қол жеткізесіз:

  • қалаған фильміңізге, арналарда жүріп жатқан бағдарламаларға сұрау жасап, қалаған уақытта көре аласыз,оларды сақтап алуға болады; -арнайы құрылғы арқылы ұялы телефон, компьютер т.б арқылы басқаруға мүмкіндік бар;
  • тікелей эфирде болып жатқан бағдарламаның ұнаған жерлерін қайталап көруге болады;
  • интерактивті қызмет яғни, тұтынушы мен қызмет көрсетуші арасындағы байланыс, немесе тұтынушылар арасындағы өзара байланыс. Мәселен, сіз бейнетаспа түсірсеңіз, оны көрермендердің назарына ұсына аласыз т.б;

Сонымен қатар мамандар интернетке де жол бар, алайда сайттарды аралаумен шектелесіз дегенді айтады. Бірақ электронды поштаңызды тексеріп, чаттарға кіруге болады екен. Мұнан басқа жаңа қызмет түрі түрлі ойындар, радиобайланыс, анықтамалық ақпараттар, қала, облыс, елдер, дүниежүзінің картасы, ұшақтар мен пойыздардың жүру кестесі, валюталар бағамы, ауа-райы мәліметі секілді қосымша қызметтер көрсете алады екен.

IPTV Қазақстанда

ІР жаңа телеарна қызметінің Қазақстан нарығында пайда болғанына көп болған жоқ. Мамандардың айтуынша, ол дәстүрлі серіктік және кабельді телеарнаның болашақтағы алмастырушысы болмақ. Жаңа қызмет түрінің бағасы 400 теңгеден 2000 теңге аралығында, дегенмен ол арналар санына байланысты. Сондай-ақ, арналар санында шек жоқ, 30 дан 100-ге дейін немесе одан да көп. Әзірше, бұл қызмет түріне Қазақстан тұрғындары аса қызығушылық танытып отырмаса да мамандар бірте-бірте серіктік және кабельді телеарна қызметін басып озатынына сенімді.

2008 ж. маусым айынан бастап Астана қаласында «Қазақтелеком» компаниясы ADSL арқылы IPTV таратуды сынап бастады. Ал, 2009 ж. ақпан айынан Астанада, қараша айынан Алматыда, 2010 ж. басынан облыс орталықтарында да iD TV брэндімен пайдақорлық өткізуін бастады. Негізгі дестесіне 56 арна кіріп 1275 теңге тұрады. Қосымша дестелерімен бірге не барлығы 91 арна. Бейне ағынында H.264/MPEG-4 AVC қысылған кодтауы пайдаланылады.

Сыртқы сілтемелер

iD TV интерактивтік теледидары - Сенің дербес теледидарың