Global Shapers

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Global Shapers (Глобал шейперс) қауымдастығы - Дүниежүзілік экономикалық форумның бастамасы. Бұл өз саласында елеулі жетістіктерге жеткен және қоғамды жақсартуға өз үлестерін қосқысы келетін 20-30 жас аралығындағы жастар құрған және басқаратын хабтардың (әр қаладағы бөлімшелер) желісі.

Шейпер (ағылшын тіл. Shaping) сөзбе-сөз аударғанда "қалыптастырушы", "жаңа форма беруші" деген мағынаны білдіреді. Басқаша айтқанда, шейпер - болашақтың архитекторы.

Глобал шейперс қауымдастығының негізін 2011 жылы әлемдегі белсенді жастардың басын біріктіру мақсатында Дүниежүзілік экономикалық форумның ұйымдастырушысы және атқарушы төрағасы Клаус Шваб қалаған.

Қауымдастық әлем бойынша әрбір ірі қалаларда орналасқан хабтардың желісі бойынша ұйымдастырылған. Олар өздерінің жергілікті мекендерінің шеңберінде әр түріл оң әсер тудыратын іс-шаралар мен жобалар жасайды.

Қауымдастық мүшесі ретінде өз қабілеттерін қоғамдық игілікке жұмсағысы келетін кез-келген мамандықтың өкілдері тіркеле алады. Мүшелікке қабылдау барысында айтулы жетістіктерге жеткен, өз ісінің шебері атана білген жастарға басымдық беріледі.

2016 жылдың 26 маусымына дейін әлемде 459 хабтар мен 6216 мүше тіркелген. Қазақстанда "Global Shapers" Алматы және Астана қалаларында жұмыс істейді.


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Global Shapers|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}