COM технологиялары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

COM (Component Object Model – көп компонентті объектілер моделі) - Windows технологияларының ішіндегі негізгілердің бірі.COM – бұл компоненттердің объектілі моделі.COM – технологиясы API – ді суреттеу кезінде және әртүрлі программалау ортасы мен әртүрлі тілдер объектілерін үйлестіру үшін қолданылатын екілік стандартты суреттеу үшін қолданылады.СОМ компоненттер мен приложениялар арасындағы қарым – қатынас моделін ұсынады.СОМ – технологиясы СОМ – объектілермен жұмыс жасайды.Объект СОМ серверінің бөлігі болып табылады.СОМ – объекттер Delphi визуалды кітапханасының объектілеріне ұқсас.VCL Delphi объектілеріне қарағанда СОМ-объектілерінің құрамында әдістер,қасиеттер және интерфейстер болады.Жай ғана СОМ-объектінің құрамында бір немесе бірнеше интерфейс болады.Егер интерфейстер бірнеше болса, онда олардың ішінде ұқсас функцияларды орындайтын көптеген әдістер болады. Интерфейсті жариялаудың құрамына оның әдістерін және қасиеттерін суреттеу кіреді бірақ оны жүзеге асыру кірмейді.Сонымен қатар интерфейсті жариялаған кезде оналты байттық сан көрсетілуі мүмкін, ол интерфейстің идентификаторы.Әр интерфейстің өзіндік көрсеткіші болады. СОМ – технологиясының екі ерекшелігі бар: - СОМ – объектілерді құру программалау тіліне тәуелді емес.Осындай жолмен СОМ-объектілері кез – келген тілде жазылуы мүмкін. - СОМ-объектілері Windows – қа арналған кез – келген программалау ортасында қолданылуы мүмкін.Осы орталардың құрамына келесілер кіреді: Delphi, Visual C++, C++Builder, Visual Basic және тағы басқалар.Microsoft фирмасы Windows операциялық жүйесін құрастырған кезде алдына қойған ең басты мақсаттарының бірі,Windows – та жұмыс істейтін әртүрлі программалардың бір – бірімен үйлесімділікте болуы.Бұл оңай емес мәселені шешудің алғашқылары алмастырулар буфері,бөлетін файлдар және мәліметтерді динамикалық алмастырулар технологиясы (Dynamic Data Exchange, DDE) болды.Осыдан кейін объектілерді енгізу және біріктіру технологиясы (Object Linking and Embedding, OLE) құрылды.Алғашқы нұсқасы OLE 1,құрамды құжаттарды құру үшін арналған.Бұл нұсқа жетілдірілмеген болып танылды.Оның орнына OLE 2 нұсқасы шығарылды.Жаңа нұсқасы әртүрлі программалардың бір – біріне өздерінің функцияларын ұсыну туралы сұрақтарды шешуге мүмкіндік берді.Бұл технология 1996 жылға дейін қолданылған.Одан кейін оның орнына ActiveX технологиясы келді.Оның құрамына автоматтандыру (OLE-автоматтандыру),контейнерлер,басқарушы элементтер,Web-технологиялар және т.б. кіреді.

дереккөздер

  1. 1referat.kz