Cингалдар
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Fishermen in Tangalla 4.jpg
Сингалдықтар
Сингалдықтар (Үлгі:Lang-si, сингалдар) — ұлт, Шри Ланка Республикасының және оның маңайындағы аралдардың негізгі тұрғындары. Жалпы саны 13 млн. адам (1989). Сингалдықтар антропология жағынан еуропалық нәсілге жатады және Солтүстік үнді халықтарымен туыстас. Сингал тілінде сөйлейді.
Басым көпшілігі будда дінін ұстанады, аз бөлігі христиан (католик) дінін қабылдаған. Сингалдықтар далалық, таулық (кандилік) болып екі топқа бөлінеді. Кандиліктер тұрмысында көне салт ерекшеліктері сақталған. Сингалдықтардың көпшілігі егіншілікпен, балық аулаумен айналысады.