Blender (бағдарлама)
Үлгі:Бағдарлама карточкасы Blender – үшөлшемді компьютерлік графиканы құруға арналған еркін пакет, ол өзіне модельдеу, анимация, рендринг, видеоны постөңдеу мен қатар интерактивті ойын құру құралдарын қоса қамтиды. Кәсіби жасаушы пәрмендердің (команда) арқасында және жылдам әрі тұрақты дамуының әсерінде бұл пакет қазіргі таңда тегін 3D редакторлары арасында айырықша қолданысқа ие.
Мазмұны
Мүмкіндіктері
Басқа атақты 3D-модельдеу пакеттерімен салыстырғанында Blender пакетінің сипатамлалық ерекшелігі - көлемі жағынан шағындығы. Базалық жеткізілімге кең өрісте алған құжаттамалар және көп мөлшерде демонстрациялық көріністер кірмейді.
- Әртүрлі геометриялық қарапайымдықты, полигондық модельдерді қоса алғандағысын, subdivision surface (SubSurf) тәртібіндегі жылдам моделдеу жүйесін, Безье қисығын, metaballs (метасфера) мүсін моделдеуді және векторлық шрифттерін қабылдауы;
- Универсалды кіріктірме механизмдерінің рендрингі және сыртқы YafRay, LuxRender рендермен және басқаларыменен интеграциалануы;
- Анимация құралдары, солардың арасынан инверстік кинематика, қаңқалық анимация және торлық деформация, негізгі кадр бойынша анимация, сызықтықемес анимация, төбені салмақтық коэфициент редакциясы, шектегіш, жұмсақ денелердің динамикасы, физикалық Bullet қозғалтқышының негізіндегі қатты денелердің динамикасы, бөлшек негізіндегі шаш жүйесі және шаш негізіндегі бөлшек жүйесі;
- Python–ды құрал мен түптұлғаларды амалмен құрғанға, ойындардағы логиалық жүйелерді амалмен құрғанға, импорт/экспор файлдарын (Мысалы, COLLADA) амалын құрғанға, есептерді автоматтандыруды құрғанға қолданады
- Сызықты емес редакциялаудың базалық функциясы және видеоны құрамдастыру
- Game Blender - Blender–дің «қосымша» жобасы, ол коллизияны анықтайтын, динамиканың «қозғалтқышы» және программалайтын логиканың интерактивті функциясын ұсынады. Және де ол сәулеттік визуализациядан бастап видео ойынға дейін бөлек reak-time «қосымшасын» құруға жағдай тұғызады.
Қосымша ерекшеліктері
- Blender бағдарламасында объект (болмыс, сыртқы дүниемен өзара байланысу) және оның мәліметтері (форма және объект функциясы) болып бөлінеді. Объект – Мәлімет қатынасы 1: n қатынасын көрсетеді және өз-өзімен динамикалық байланыста. Сол себепті кейбір процесстер үшін Blender жылдам әрі бірегейлі.
- Ішкі файлды жүйесі, ол бірнеше көріністерді (сценаны) бір файлға сақтай алады. (.blend файл деп атайды)
- ".blend" файлы ескі нұсқада болсын, не жаңа нұсқалы Blender болсын, барлығына үйлеседі. Сондай-ақ, бір платформадан басқа платформаға көше алады.
- Барлық жұмыс уақытысында Blender жобалардың резервтік көшірмесін жасап тұрады, демек төтенше жағдайда мәліметтерді дереу сақтап отырады.
- Барлық көріністерді (сцена), объектерді, материялдарды, текстураларды, дыбыстарды, суреттерді, post-production эффектілерін бірыңғай ".blend" файлына сақтай алады.
- Жұмыс ортасының икемдеуін ".blend" файлында сақтауға болғандықтан, соның арқасында файлды қайта жүктегенде, сол сақтаған жұмыс ортасы қайтадан шығады.
Артықшылығы мен кемшілігі
Артықшылықтары
- Тегін;
- Кодтің ашықтығы;
- Ойын құрастыруға мүмкіндігі болуы;
- Кроссплатформалық;
- Көп мөлшеріндегі Модификаторлар ;
- Анимация жасауға мүмкіншілік;
- "Сүйектермен" жұмыс істеу;
- Фон баптаулары;
Кемшіліктері
- Құжаттаманың базалық жеткізілімнің жоқтығы;
- HiDpiні қолдауының жоқтығы;
- Актуаторлар, контреллерлер және сенсорлар мөлшерінің аздығы;
Тарихы
Blender NeoGeo ең алғаш голондиялық анимация студиясы «жұмыс құралы» ретінде құрған. 1998 жылдың маусым айында blender авторы, Тон Розендаль (Ton Roosendal), ары қарай дамту және Blender–ді сүйемелдеу мақсатымен Not a Number (NaN) компаниясын құрды. Бағдарлама shareware принціпі бойынша таратылды. 2002 жылы NaN компаниясы банкротқа ұшырайды. Тон Розендаль өзінің жігері мен қайратын салып GNU GPL пайдасына тиесілі €100000 біржолата төлем ақысын төлеу шартыменен лицензияны кредиторларды көндіртіп, өзгерткізеді. 2002 жылы 18 шілдеде керекті сомманы (қарызды) жабу үшін, қайырымдылық бағдарламасымен қаражатты жинастыра бастады.
2002 жылы 7 қыркүйекте керекті соммасының жиналғандығы жайлы, "қортынды" кодты және Blender - дің өзін GPN лицензияға көшіру жайлы жарияланып үлгерген еді.
13 қазан 2002 жылы Blender fonundation компаниясы GNU GPL-ға лицензияланған өнімін ұсынды.
Қазіргі таңда Blender "алғашқы" ашық кодты жоба болып саналады және Blender fonundation активті демеуіменен ары қаратай дамып жатыр.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ең бірінші алғашқы кодтық файлдың құрылуына орай 2 қаңтар 1994 жылы Blender-дің туған күні болып саналады. 2014 жылы ол 20 жасқа толды.<ref>How Blender started, twenty years ago…</ref>
Suzane
Cтильге келтірілген «Suzanna» есімді маймыл басы - қарапайым текстік модельдің альтернативасы болады. Бар болғаны 500 элементтен құралған, аз мөлшерлі полигонды «Suzanna»-ға материалды, текстураны, жарық қондырғысын жылдам тексеру үшін, сондай-ақ қызықты картина құру үшін қолданады. Ірі көлемдегі марапаттауларды, оның ішінде қатысушыларды марапаттау салтанатын - «Suzanna Awards» деп атайды.
Демеу
Дүние жүзі бойынша Blender пайдаланушылардың саны 250000-ға аса өсіп келеді және практикалық жағынан ғаламшардың кез-келген нүктесінен қолдау-демеу алуға болады. Көптеген қолданушылар Blender-ді өзге қолданушылардың құрып қойған мақалаларына қарап дәріс алады. Ал басқа қолданушылар тематикалық форумдарды қолданып және талқылау барысында мәліметтерін алып отырады. Blender-ді талқылайтын атақты форум - Blender Artists, elYsiun (http://www.blenderartists.org/forum/) бұрынғы атауымен. Сондай-ақ, blender-де қауымдастық демеуімен тегін BURP және Renderfarm.fi <ref>Тегін рендринг Renderfarm.fi — Бұл қалай жұмыс істейді</ref> рендер-ферм «таратып үлестірушісі» қол жетімді.
Blender – ді қолданатын суретшілер
Blender–ді өзінің басты құрал ретінде не құралдардың бірі ретінде пайдаланатын суретшілер:
- Andreas Goralczyk (@ndy), екі Suzanne Blender Awards жеңімпазы (2003 — Best Animation, 2004 — Best Still<ref>Үлгі:Citeweb</ref>)
- Stefano Selleri (S68) (Suzanne Blender Awards 2003 — Best Still)
- Bassam Kurdali (slikdigit) (Suzanne Blender Awards 2004 — Best Animation<ref>Үлгі:Citeweb</ref>)
- Bastian Salmela (basse)
- Endre Barath (endi)
- Jean-Sébastien Guillemette (Ecks, formerly X-WARRIOR)
- Robert Tiess (RobertT)
- Enrico Valenza (Env) (Suzanne Blender Awards 2005 — Best Animation<ref>blender.org — Animation Festival 2005</ref>)
- Sacha Goedegebure (Sago) (Suzanne Blender Awards 2006 — Best Character Animation<ref>blender.org — Festival 2006</ref>)
- Claudio Andaur (malefico)
- Adrien Lourdelle
Киноға қолданыс
Blender қолданысында ең бірінші аса ірі кәсіби жобасы, бұл – «Өрмекші–адам 2». Blender аниматиканы (animatics) құру үшін және storyboard department-тің барлық тарихын визуализациялау үшін қолданысын тапты.
- «As an animatic artist working in the storyboard department of Spider-Man 2, I used Blender’s 3d modeling and character animation tools to enhance the storyboards, re-creating sets and props, and putting into motion action and camera moves in 3d space to help make Sam’s vision as clear to other departments as possible.» [1] — Anthony Zierhut, Animatic Artist, Los Angeles
Friday or another day тұңғыш 35 mm фильм, онда барлық арнайы эффектілері Linux «жұмыс стансиясында» жасалынды. Locarno Film Festival – не фильм сыйлық ұтып алды. Спецэффектілері Digital Graphics-інде (Бельгия) жасалынды. Томми Мурдың «Теллстің құпиясы» атты фильмне «Үздік анимациялық фильм» санат бойынша Оскар сыйлығына номинацияланады. Бұл фильмге аздап Blender–ді қолданады. Ол да сол Бельгиялық Digital Graphics.<ref>The Secret of Kells’ nominated for an Oscar!</ref>.
Elephants Dream
2005 қыркүйегінде, бірнеше Blender – суретшілері мен жасаушылары бас қосып, қысқаметражды фильм жасауға кірісті. Бұлар Orange Movie Project аясына орай, тек ЕБҚ (Еркін Бағдарламалық Қамтамасыздандыру) шегінен шықпай қолданды. Нәижесінде, Elephants Dream атты фильмі жарық көріп, 2006 жылдың наурыздың 24–інде премьерасы өтті.
Big Buck Bunny
30 мамыр 2008 жылы, бірнеше Blender-суретшілер мен жасаушылар Big Buck Bunny атты 2-і мультфилімін жарыққа шығарды.
Plumiferos (Қауырсынды бүлік)
Бұл Manos Digitales Animation Studio компаниясының жобасы, тек Blender де жасалған. Фильмнің премьерасы Аргентинада 2010 жылы ақпанда өтті. Blender сайтында демо-ролигін көруге болады. Фильмнің басты кейіпкерлері –сөйлей алатын антропоморфты жануарлар.
- Жобаның ресмилік сайты.
Sintel
2010 жылы қыркүйектің 27-сінде Blender Foundation жарыққа шығарды. Бұл фильм оның алдындағы Elephants Dream және Big Buck Bunny, Sintel фильмдердегідей Blender арқылы жасалды. Фильмнің жобасы 2009 дың мамыр айында басталды. Ал 2010 қыркүиегінде Нидерланд еліндегі Кинофестивалінде ресми түрде паш етті. 2010 ж. қыркүиектің 30-ында интернет – релизден жүктеп алғанға жол ашылды.
Tears of Steel
Blender Found тің <ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> хабарландыруынша, 2011 қазанның 2-де Mango кодттық атау бойынша төртінші фильмге жұмыс басталды. Ал конкурс арқылы қауымдастық арасынан суретші командасын құру болатын. 2012 жылы 13- і шілдеде, тизердің шуғуымен, жобаның атын «Tears of Steel»<ref>Үлгі:Cite web</ref>. атауға ауыстырғандарын хабарлады. 2012 қыркүиектің 26- нда фильм жарық көрді.<ref>Tears of Steel — download & watch | Tears of Steel</ref><ref>Tears of Steel Release: Today! | BlenderNation</ref>
Әдебиеттер
- Blender Basics 4-rd edition (орыс тілді басылым), Джеймс Кронистер
- izdanie_kronie.pdf (орыс тілді басылым) Blender дің негіздері. 4-ші басылым Крониестер Дж.pdf
Сыртқы сілтемелер
- youtube - қазақ тілді видеоматериалдар
- blenderartists.org - ағылшын тілді сайт
- code.blender.org - ағылшын тілді сайт
- cgcookie.com - ағылшын тілді сайт
Дереккөздер
<references/>