Astana TV

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына «Astana TV («Астана» телеарнасы)— жалпыұлттық қазақстандық телеарна. Елордадан хабар таратады.

Арнаның тарихы

«АСТАНА» телернасы ең алғаш «ЦЕСНА» деген атпен 1993 жылдың наурыз айында эфирге шықты. 2000 жылдың қараша айынан арнаның атауы «Астана қаласы Телевидениесі», қысқартып айтқанда «АсТВ» болып өзгерді. 2004 жылдың шілде айында арна бұрынғы маркасын өзгертті. Енді экранда қазіргі көрерменге жақсы таныс стилі ерекше «А» әрпі мен «АСТАНА» деген асқақ атау пайда болды.

Арнаның хабар тарату көлемі

«АСТАНА» тәулігіне 19 сағат, аптасына 7 күн әуе толқынында.

Техникалық жабдықталуы

«АСТАНА» арнасының студиялық-аппараттық кешені ең соны сандық техникамен жабдықталған. Қазақстанда тұңғыш рет осы телеарнада «News Fabric» жүйесі енгізілді. Соның арқасында ақпараттық бағдарламалар CNN технологиясы бойынша жасалады. «VECTOR BOX» автоматтандырылған тарату кешені орнатылған. Бағдарламалар мен фильмдерді халықаралық сапа мен стандартқа сәйкес дыбыстайтын Қазақстандағы ең алдыңғы қатарлы «Avid Studio Complete» тәржіме кешеніне ие.

Қазіргі кезеңдегі арнаның міндеттері

Бүгінгі «АСТАНА» - ауқымы кең, ел ішінде қанат жайған тілшілілер желісі бар, қызу қарқынмен дамып-жетіліп келе жатқан телекомпания. Ақпараттық саясаты:

  • Сараптауы салиқалы, ақпараты шынайы да шымыр, фактілері дәл, баға беруі салмақты да шынайы жаңалықтар, кәсіби білігі биік, патриотизмі шыңдалған корреспонденттер.
  • Сапалы да салмақты кинокөрсетілімдер;
  • Көңілашар бағдарламалар тұжырымдамасы елден ерек;
  • Имиджі ойластырылған, қазақстандық бизнес үшін өте тартымды тұғыр.

Жаңа буындағы кәсіби менеджерлер командасы телекомпанияның бет-бейнесіне, басқару жүйесіне өзгерістер енгізді. Бұдан былай эфирге шығатын әр бағдарламаға қойылатын басты талап көпсөзділіктен ада, фактілері шынайы, экономикалық жағынан тиімді болуы. Соның нәтижесінде «Астана» арнасының рейтингі астаналықтар мен аймақтағы көреремендерінің алдында өте жоғары. Оны Gallup Media Asia тәуелсіз зерттеу агенттігінің мәліметтері де дәлелдеп отыр. «АСТАНА» астаналық менталитет қалыптастырып, Астанада болып жатқан маңызды шараларды кеңінен насихаттау арқылы жас еліміздің жақсы беделін қалыптастыруға барынша атсалысып отырған салиқалы арна. Көрермендері «Бірінші астаналық» деп ат тағып, атақ беруі де соның дәлелі.

Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар

  • Жаңалықтар
  • 20:30
  • Түйін сөз
  • Осы сағатта
  • Ақиқат алаңы
  • Арнайы репортаж
  • Дневник с Гульжан Мукушевой
  • Сырласу

Музыкалық бағдарламалар

  • Әсем әуен арнада
  • Живые концерты

Ойын сауық бағдарламалары

  • Лица столицы
  • Қайырлы таң!
  • Утро доброе
  • Top Gear
  • Вкуснятина
  • KazNet бағдарламасы
  • Саған сенемін. Мой лучший бағдарламасы

Арнаның марапаттары

  • 1. Париж - 2003 жыл World Quality - International Award сертификаты және «САПА Дипломы». Париж , 2 маусым 2003 жыл (әлемдік деңгейдегі тарату сапасы үшін).
  • 2. «Алтын жұлдыз» - «Золотая звезда» - 2003 жылғы ең үздік аймақтық телеарна.
  • 3. Шығармашыл жастардың халықаралық «Шабыт» конкурсының «журналистика» номинациясы бойынша 1 орынды журналист Н. Қарағойшина «Жақыныңа жардемдес» бағдарламасы үшін иеленді.
  • 4. 2005 жылы, «Астана» телеарнасы жаңалықтар қызметінің бас редакторы Бағдад Қожахметов «Бағдарламаның үздік жүргізушісі» номинациясы бойынша Ялтада өткен ТМД елдерінің 5-халықаралық телекинофоруымында 1 орынды иеленді. Бірінші дәрежелі диплом мен қола мүсінше алды. Бұл форумға 24 елден 83 телекомпания қатысты.
  • 5. 2006 жылдың қорытындысы бойынша бағдарламалар жүргізушісі Тимур Асылханов Қазақстан Жастар Конгресінің арнайы сыйлығымен марапатталып, «Қазақстанның алымды жас журналисі» деген атаққа ие болды.
  • 6. 2007 жылы журналист Зарина Мухамедалидің тарихи тұлғалар туралы «Свет былого» авторлық деректі фильмдер циклі халықаралық «Шабыт» фестивалінде бірінші орын алды және «Шәкен жұлдыздары» халықаралық кинофестивалінің лауреаты болды.
  • 7. 2010 жылы ақпараттар қызметінің тілшісі Анна Журба «Сорос-Қазақстан» қоры өткізген «Денсаулық сақтау саласындағы адам құқы» конкурсында «үздік бейнерепортаж» номинациясы бойынша жүлделі болды.
  • 8. 2010 жылы «Түйін сөз» бағдарламасының жүргізушісі Мұқит Ықылас «Нұр Отан» ХДП-ның «Нұр сұңқар» сыйлығын жеңіп алды.

Сыртқы сілтемелер

Астана телеарнасының сайтыҮлгі:Телерадио