Accord (тіл мектебі)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

1988-ші жылы құрылған Accord' тіл мектебі - шетелдіктерді француз тіліне оқытуға маманданған оқыту орталығы. Жыл сайын ол әлемнің 50-ден астам мемлекетінен 5 мыңға жуық оқушыны қабылдайды. Аталмыш мектеп француз тілін және де шет тілін (le label " Qualité français langue étrangère ") оқытуда, сонымен бірге оқушыларды қабылдау мен орналастыру, мектептің орналасуы, оқытушылардың біліктілігі, оқытудың әдістемесі мен білім беру процесіндегі менеджмент сияқты сатылардың мейлінше озық үлгілерін пайдалануға байланысты Сыртқы Істер Министрлігі мен Білім Министрлігінің сапа белгісімен атап өтілген<ref>Le Grand Répertoire (Француз тілі)</ref>.

Тарихы

Мектеп Grands Boulevards көшесіндегі ескі қалалық қабырғаның орнындағы әдеттегі париждік ғимаратта орналасқан. Аталмыш көше бұған дейін Boulevard de Crime деп аталған болатын, ол өзінің көптеген театрларымен, мейрамханаларымен және трактирлерімен танымал болатын-ды, Жорж-Эжен Осман (Baron Haussmann) сынды баронның жұмысының арқасында бұл жер қайта жаңғырды. Барон Париждің қалалық жоспарының құрылымына жарық беретін (діңгектік) ойды енгізіп оңтайландырған еді.

Оқытудың әдістемесі

Мектептің алға қойған басты міндеті оқушылардың күнделікті өмірде орын алатын түрлі жағдайлармен танысуынан, оқушыларғдың өздерінің туған тіліне қатысты тілдік тәжірибесін француз тіліне көшіруге мүмкіндік беретін оқытудың түрлі басым бағыттарын дайындауынан тұрады <ref>Méthode d'enseignement (Француз тілі)</ref>.

Грамматика сабақ өткізудің түрлі кезеңдеріндеріндегі тапсырмалар мен жаттығулар, жағдайлар, түрлі ойындар арқылы беріледі.

Әкімшілік

Бас директор: François Pfeiffer

Түсініктемелер

Үлгі:Reflist

Сыртқы сілтемелер