AIESEC

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Non-profit

AIESEC (Үлгі:Lang-fr) — халықаралық жастар бейкоммерциялық бейсаяси және тәуелсіз ұйым. Ұйымның басқару міндеттерін тек қана студенттер және жуырда оқуын бітірген студенттер атқарады. Бүгінгі күні AIESEC-тің әлемнің 100-ден астам елде өз өкілдері бар.

AIESEC тарихы

Ұйымның құру тарихы 19461948 жылдары басталады, ал 1949 жылы Стокгольм қаласында өткен халықаралық конгрессте AIESEC-тің стратегиясы мен мақсаттары анық белгіленді.

Сол конгрессте AIESEC (Үлгі:Lang-fr) ресми тіркелген. Оның мақсаты ретінде "елдер және халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту" болып белгіленді. Бұл мақсатты жету бірден-бір тәсілі болып студенттердің халықаралық айырбастауы болып табылады. Бельгия, Дания, Финляндия, Франция, Нидерланд, Норвегия және Швеция өкілдері Стокгольмдегі конгресс нәтижесі бойынша ұйымның халықаралық, бейкоммерциялық, мемлекеттік емес және бейсаяси статусын бекітті.

AIESEC Қазақстанда

  • 1969 — AIESEC Халықаралық секретариаты 1969 КСРО студенттеріне өз өкілдігін ашуға бірінші ұсыныс еткен.
  • 1989 — Квебекте (Канада) өткен Халықаралық Конгрессте КСРО AIESEC мүшесі болып ресми тіркелді. Сол жылы AIESEC Алматы қаласында ашылады.
  • 2007 — AIESEC Қазақстан, Ресейден бөлініп, Халықаралық AIESEC ұйымында тәуелсіз мүше ретінде тіркеледі.
  • 2008 — Қазақстан басқа қалаларында AIESEC өкілдіктері ашылды. Олардың ішінде Астана, Қостанай, Өскемен және Павлодар.
  • 2009 — AIESEC Қарағанды ашылды.
  • 2010 — AIESEC Орал және Тараз қалаларында ашылды.

Сілтемелер