27 келілік зеңбірек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

27 келілі Британ артиллериясы жорық зеңбірегінің салмағы ауыр, калибрі – 127мм. 1903-1905 жылдары артиллерия үшін жаңа мүмкіндікке қол жеткізу мақсатында жасап шығарылды. Ол мүмкіндіктер 120 мм-лік жылдам ататын зеңбірекке көшу кезінде жүзеге асты. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде негізгі соғыс майданында қолданылды. Соғыс аяқталған соң Ұлыбритания мен Британ одағы елдерінің қарулы күштерінің қатарында қалды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлыбритания мен Оңтүстік африкалық одақтың артиллериялық құрамы осы зеңбіректі пайдаланды. Тек 1942 жылы 114 мм-лік орта көлемді зеңбірек жасалып, 27 келілік зеңбіректің орнын басты.

  • 27 келілік зеңбірек - ауыр жорық зеңбірегі болғандықтан, оны бірнеше атпен немесе көлікпен тасымалдайтын.
  • Оның бөлек оқталатын тұмсығы қорап тәрізді. Соның арқасында сол жақта жататын атқыш нысандарды тігінен де, көлденең де көздей алады.
  • Оның салмағы 4,4 тонна.

Дереккөздер

ҚАРУ-ЖАРАҚТАР. - Алматы: "Аруна" баспасы. - 208 бет. Сер.: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-590-7