1998 Қысқы Олимпиада ойындары
ХVІІІ қысқы олимпиялық ойындар, 1998 жылы 7-22 ақпан аралығында Наганода (Жапония) өтіп, оған 72 елден 2338 спортшы, оның ішінде 810 әйел қатысып, спорттың 14 түрінен 68 жарыста жүлделер сарапқа салынды. Жапонияның бас қаласы Токиодан солтүстік-шығысқа қарай 220 км қашықтықта орналасқан Нагано қаласы Халықаралық Олимпиялық Комитетінің 1991 жылдың 15-16 маусым күндері Бирмингемде өткен 97-сессиясында ХVІІІ қысқы Олимпиялық ойындардың астанасы ретінде жарияланды. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына керлингте енгізіліп, әйелдер мен ерлер арасында жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бағдарламаға сноубордингтен екі жарыс түрі қосылып, әйелдер мен ерлер арасында слалом-гиганттан сайыстар өткізілді. Жарысқа түскен 72 елден тек 24-інің гана өкілдері жүлделі орындарға ие болып, жалпы 205 медальдың иегерлері атанды.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>
Қазақстан нәтижесі
Қазақстан Наганода – 21 орынды иеленді. Үлгі:Navbox
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Stub Үлгі:Суретсіз мақала