1916 жылғы көтеріліс туралы жырлар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Он Алтыншы Жылғы Көтеріліс Туралы Жырлар – дәстүрлі халық поэзиясының жаңа мазмұны бір саласы. 1916 ж. Қазақстан және Орта Азия халықтары және т.б. езілген еңбекші бұқара өздерінің азаматтық, теңдік құқықтарын қорғап, шексіз қанауға, әлеуметтік өзгіге қарсы ұлт-азаттық көтеріліске шықты. Осыған байланысты туған поэзия үлгілері сол кездегі халық өмірінің ерлік шежіресі тәрізді. Онда көтеріліс тұсындағы ел басына төнген ауыр азап пен жұрттың ізгі тілек ой-арманы, оның жарқын болашаққа деген зор сенімі, тап жауларына қарсы күресте ту ұстап, қол бастаған халық ұлдарының ерлік, табандылығы шебер сипатталды. 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған жырлардың айрықша бір түрі – үндеу, үгіт өлеңдері. Бұзаубақ ақынның «Құты қашты патшаның», О.Шипиннің «Аманкелдінің айбаты», К.Әзірбаевтың «Аттан», Батталдың «Туар ма екен бізге күн?», «Құбашаның Әбдірахманға хаты», «Әбдірахманның жауабы», Б.Қожаевтың «Күнді бұлт құрсайды», тәрізді өлең-жырлары үстем тап өкілдерінің жауыздық, екі жүзділік әрекеттерін батыл әшкерелеп, ел-жұртты бірлікке, езуші таптан кек алуға шақырды.

Бөлтіріктің «Ел жарыла көшкенде» атты толғауы мен Қарсақ ақынның жырларында Маусым жарлығынан кейін ата қоныстан ауып босқын болған елдің ауыр халі, шеккен қорлық, азаптары сипатталса, Баттал, Құсайын, Есқайыр толғаулары мен Сартайдың «Тар заман», Төлеудің «Сарыарқаның сарыны» секілді жырларында жауыхдық пен әділетсіздік билеген кешегі заман жайы, ішкі-тысқы өзгіден күйзелген ел жағдайы сөз болады. Бұл сипат ел аузындағы «Қоштасу», «Жұбату», «Естірту», «Дәметкеннің зары», «Асқардың үй-ішімен қоштасуы» атты лирикалық өлеңдерінен де айқын аңғарылады. Майданнан елге, елден майдан шебіне жазылған сәлемдесу хаттарында («Ақбастың Нұржанға хаты», С.Бегімовтің «Туған елге хаты» және т.б.) жігіттердің туған, өскен елге деген ыстық сезімі, еңбекші бұқараны ашық күреске шақыратын жігерлі үн мен болашаққа деген зор сенімі бар. Майдан өмірін бейнелейтін Б.Берденовтің «Прием», Есқайырдың «Зарлы заман кезінде», Батталдың «Туар ма екен бізге күн?», Ж.Жаңабаевтың «Ұзақ жолға аттандық», Ә.Аманжолов пен Қарамолдаевтың «Еріксіз кетіп елімнен» атты жыр, дастандарында елден аттанған жігіттердің майдан шебіне дейінгі ұзақ сапары мен әр алуан жол азаптары, олардың қайғы-мұңға толы көңіл күйі мен ой-арманы, алдыңғы шептегі сұрапыл соғыстың нақты көріністері жан-жақты суреттелген. Халық өмірін арнаулы тақырып етіп сипаттайтын туындылармен қатар Қ.Бозаевтың «Қарақойын көтерілісі», «Губернатор келгенде» жыр, дастандарында сол қиын сәтте ел бақыты үшін асылып, езілген бұқараны азаттық күреске бастаған Аманкелді, Әліби, Бекболат, Ұзақ, Тайлақ, Иса, Күркебай, Әли, Қырғызбай секілді батыр-қолбасшылардың ерлігі мен жарқын бейнесі жырланды.

Жетісу қазақтарының ерлік күресін бейнелейтін «Бекболат» дастанында ел мен ер трагедиясы жырланды. Батырдың сот алдындағы батыл жауаптарын диалогпен беру арқылы аутор үстем өкілдерінің шектен тыс жауыздықтарын, әділетсіздіктерін ұтымды тәсілмен әшкереледі. Сол дастанның үлгісінде туып, халық батырларының өшпес ерлігін паш ететін К.Әзірбаевтың «Қырғызбай», «Әли батыр», Е.Кандековтың «Әли батыр», К.Сауранбаевтың «Ұзақ батыр», Бекболат Әшекеевтің үндеу-хаты арқылы жазған «Албан көтерілісі» атты көлемді дастаны, Бөлтірік ақынның «Ел жарыла көшкенде» жыры туды. Омар, Сәт, Сүлеймен, Күдері, Досмұқан, Орынбай сияқты Аманкелді сарбаздарының қатарында болып, оқиғаларды өз көзімен көрген ақындар Аманкелді Иманов бастаған Торғай көтерілісі туралы сан алуан жыр, дастандар шығарды. О.Шипиннің «Аманкелді», С.Есенбаевтың «Ер Аманкелді», Н.Ахменбековтың «Аманкелді дастаны» - Аманкелді батырдың ұлт-азаттық көтерілісі мен Азамат соғысы кезіндегі ерлікке толы күрес жолдарын тұтас қамтитын кесек әрі көркем туындылар. 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған поэзия үлгілері ең алдымен қазақ даласындағы әлеуметтік теңсіздік пен тап қайшылығын өзекті мәселе етіп жырлап, қазақ әдебиетінде бұрын байқала қоймаған соны мазмұн, жаңа идея ала келді.

Дереккөздер

  • Қазақ Совет Энциклопедиясы, VI том
  • 1916 жыл, А., 1936, 1940;
  • Қазақ әдебиетінің тарихы, 1-т., 1-кіт., А., 1960;
  • Жармұхамедов М., 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған реалистік дастандар туралы, «Қаз.ССР ҒА хабарлары. Филология сериясы», 1961, №2;
  • Жармұхамедов М., 1916 жылғы көтеріліс поэзиясындағы майдан өмірі, «Қаз.ССР ҒА хабаршысы», 1962, №2
  • Жармұхамедов М., 1916 жылғы көтеріліс туралы жаңадан табылған өлең-жырлар, «Қазақстан мектебі», 1966, №7

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:1916 жылғы көтеріліс туралы жырлар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}