16-18 ғасырлардағы орыс өнері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Біздің заманымыздағы алғашқы ғасырларында өмір сүрген отырықшы славян тайпалары Римдік империя мәдениетімен таныс, содан әсер алған тайпалармен, халықтармен араласып, шығысеуропалық үлкен аумақта қоныстанады. Орыс мемлекеттілігі пайда болған аумақтағы халық Византия, Иран, Кавказ жерлерімен, болгарлықтарымен шекаралас жатқандьщтан олардың жоғары дамыған қолөнерін, жазуын, сәулетін, кескіндемесін ұйренді. Славяндықтар ұзак жорықтарға шығып, көптеген оқиғаларға катысқан. Кейіннен табылған VI—IX ғғ. ескерткіштеріне қарап, көптеген мәселенің шешімін табуға болады, заттардың әр түрлі сарында және формада жасалғандығы түсіндіріледі.

Бұл заттарға жататындар: қолөнер, тұрмыстық және жоралғы ескерткіштер, қыш ыдыстар, сұйектен жасалған тарақтар, еакина, білезіктер, ат әбзелдерінің бөлшектері, бойтұмарлар, пұттар пішіндері. Белгіленген әрбір өрнек қандай да бір нысанды білдіреді. Мифоло- гиялық көріністегі белгілі бір заттардың қалыптарын бейнелейді. Мөселен, сырға мен сақиналар — Күн, гүл, Айды елестетеді. Заттардың ор біреуінің өзіне төн мағынасы болды. Славяндықтар өзен мен көлге, ағаш пен тасқа табынды. Археологияльщ зерттеулер барысында табылған пұттар бейнесінің қарапайым тастардан айырмашылығы көп емес. Олар бейнелеу сарындары мен шартты белгіленуі бойынша ерекшеленеді.

VI—IX ғғ. Шығыстық славян мемлекеті құрылады. Осы кезеңде иақты иконатану қалыптасады. Князьдік орталық кұрылуына катысты князьдік баскару ұйлерінің құрылысы басталды. Тайпа орталығы — калалар әр алуан қолөнердің дамуына ықпалын тигізді, оның ішінде зергерлік өнер де бар. Тұрмыс заттары зергерлік өрнектермен "іпекейленді. Жергілікті шеберлердің колданған әдістері: эмаль, бүршік, нақыштау және шекіме болды. Мұндағы бейнелеу сарындары Мран мен Византия бейнелерінен келіп шығады.

IX—X ғғ. қалыптасқан мемлекет Киевтік Русь атауын алады. Киевтік Русь Еуропаның саяси өмірінде маңызды орын алды. Онда жаңа мемлекеттік мөдениетпен катар жазу жұйесі мен христиандық іиі калыптаса бастады. Тұрмыстық мәдениеттегі дәстүр бір дәуірден екінші дәуірге өзгеріссіз көшеді. Иран-сасанидтік, скифтік, эллинистік өнерден алынған өрнек ерекшелігі, сарындар мен нысандар өзгермейді.

Христиандық дін жас орыс мемлекетінің рухани мәдениетінің, көзқарасының қалыптасуына ықпалын тигізеді. Адам өзінің қайталама ірічиііеліктерімен табиғат өлемінен бөлініп шығады. 988—1019 жылдары князь Владимир Святославович тұсында қабылданған христиандық, дінге қатысты, көркемөнер мен құрылыста қызу жұмыс басталады.

Ең ірі құрылыстың бірі — Киевтегі "Құдай анаға" арналған храм, шіркеу пішін Киевтенбасқа да қалаларда көтеріліп жатқан құрылыстарға өсерін тигізді. Жаңа қалада (Новгород) София ғибадат- ханасы, Ростовта Успения ғибадатханасы ағаштан бой көтерді (соңғысы 1160 жылы тұрлі себептерге байланысты жанып кетті). Құрылыс бұдан әрі қарай өз жалгасын табады.

XI ғ. соңында Киевте князьдер билікке таласып кұреседі де, Русь ыдырап кетеді. Тек XII ғ. гана өз саясатын өзі анықтайтын мемлекетке айналады.

XII ғ. Русьтегі қалалардың өсуімен, орыс қоғамының бірігуімен ерекшеленді. Өнердегі салтанатты, монументті стиль XI ғ. аяғы — XII ғ. басында камералық стильге өзгереді, ондағы өнер тұрғылықты өмір салтына жақын болды.

XII ғ. өнеріндегі стиль князьдік сарайдағы шеберлер қызмет істейтін шеберханалардан басқа, монастырьлардағы жеке шеберханалар пайда бола бастайды. Олар тапсырыспен қатар, жаппай сату ұшін де жұмыс істейді. XIII ғ. 30—90-жылдарынан бастап көркемөнердегі қызмет қалалық және қаладан тыс орналасқан шағын монастырьларда жасалды, көбінесе икондар мен қолжазбалар, шағын көлемді миниатюраларды әшекейледі. Ғибадатхана құрылыстарында жаңа көркемөнерлік талғамдар пайда бола бастады. Бұл даму өр алуан мөдениет орталыктарында әр тұрлі ерекшелігімен көрінді.

XIV ғ. соңы мен басындағы кескіндемешілер мен сәулетшілер адам өмірінің рухани, ішкі бейнесін ашуға талпынды. Бұл идеялар Мәскеуде туындап, суретшілер шығармашылығына ықпал етті. 1378 жылы храм кабырғасын қабырға суреттермен толтырған белгілі византиялық суретші Феофан-Грекпен бірігіп, 1405 жылы Андрей Рублев те өзін суретші ретінде көрсетеді.

XV ғ. соңы мен XVI ғ. басында, 14851487 жылдары Мәскеулік Кремль құрылысы басталады. 1516 жылы кұрылыс аяқталады. XV ғ. соңындағы сәулет ескерткіштерінің ерекшелігі — тігінен бөлінуінде еді. XVI ғ. басында сәулет өнеріне ренессанстық сарындар, классикалық ордерлер белгілері енеді, ал кондырғылы және монументті кескіндемеде батыстық әсер болмады. Өнердегі монументті стильде өзін көрсеткен суретші Дионисий болды.

XVI ғ. ортасында Иван Грозный таққа отырады. Мәскеулік патшалыққа Қазан мен Астрахань келіп қосылады. Иван Грозный дәуірінде шіркеу — рухани төрбие беруші мемлекеттік орынға айналады. Сөулет өнері дами тұседі. Миниатюра икон жазуына және монументті кескіндемеге өз ықпалын тигізеді. Қаланың өсуіне байланысты Батыс және Шығыспен жасалатын сауда әрі карай ұлғаяды. Иван Грозный уақытында жасалған зергерлік бұйымдарда, оныц ішінде тұрмыстағы заттарда (құмыра, ыдыстар, табақтар) қасиетті ғұрып сақталған.

XVII ғ. Ресей өнерінің тарихы калалардың қаркынды өсуімен байланысты болды. Ғасыр басындағы өнерге алғашқы дәуірдегі сөулсн жөпө кескіндеме дөстұрлері ұлкен ықпал етті. XVIII ғ. I Петр реформаларымен ерекшеленген болатын. Бұл ғасырдағы орыс өнерінен жаңа уақыттағы мәдениеттің көне орта ғасыр өнерінің орнына келгендігі айқын көрінеді. Өнер қоғамдық өмірде жаңа мөнге ие болды.

XVIII ғ. ортасындағы орыс сәулетінің ерекше көрсеткіші — мемлекеттік және коғамдық ерекшелік болды. Орыс сәулетінің басында белгілі мұсіншінің баласы Ф-Б.Растрелли тұрды (17001771).

XVIII ғ. ортасында Ресейдің ұлттық деңгейі өседі. М.В. Ломоносовтың қатысуымен (1755) Мөскеулік университет ашылады, (1757) Көркемсурет академиясы құрылады, орыс театры пайда болады. Жаңа орыс өнері шарықтау шегіне келеді. Кескіндеме өнерінде өзіндік маңызды композициялық ерекшелігі бар қондырғылы картиналар пайда болады. XVIII ғ. орыс кескіндемесінің негізін қалаушы — И.Никитин (16901742). Бұл дәуірдің екінші ірі шебері — А.Матвеев (17011739). Ол Голландия мен Фландрияға оқуға жіберілген, XVIII ғ. 30-жылдары өнердегі өз орнын тапты. Бұдан кейінгі суретшілер тобы: А.П.Антропов, И.Я.Вишняков, И.П. Аргунов, П.Ротари жәнө т.б. Мұсін бұл кезеңде қоғамда басқа өнер тұрлері төрізді аса ұлкен орын алмады, ол тек XVIII ғ. екінші жартысында ғана гұлдене бастайды.

XVIII ғ. екінші жартысындағы ірі шеберлер — француз сәулетшісі Ж.Б.Валлен-Деламот (17291800) және орыс сөулетшісі А.Ф.Кокоринов (17261772), екеуі бірігіп Көркемсурет академиясы ғимаратының жобасын жасады (17641788). Мәскеудегі Кремль сарайының жобасын жасаған сәулетші — В.И.Баженов (17371799).

Мұсін өнерінде ірі орыс мұсіншісі Ф.И.Шубинді (17401805) атауға полады. Алғашқы жұмыстары мәрмәрден болды. Монументті пластиканың дамуында Э.М.Фольконе (1716—1791) өз колтаңбасын табады. Кескіндеме де ұлкен өзгеріске ұшырайды. Ерекше жоғары сатыда адам бейнесі — портрет тұрады. Белгілі шеберлер: Ф.С.Рокотов (17351808), Д.Г.Левицкий (17351822), В.Л.Боровиковский (17571825). Орыс өнері дамуы жағынан XVIII ғ. ортасында өзіндік шеберлігімен, пильдік ерекшелігімен еуропальщ көркемөнердің дамуымен сәйкес келеді. Бұл жаңа уақыттағы өнерден өз жалғасын табады.<ref>Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:16-18 ғасырлардағы орыс өнері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}