Өңдеуші өнеркәсіптің басқа салалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Химия өнеркәсібі

Үлгі:Main Өнеркәсіптің бұл саласы ел экономикасының даму деңгейінің айқын көрсеткіші бола алады. Өйткені ғылым мен техника жетістіктерінің өндіріске жедел енгізілуі жөнінен химия өнеркәсібін электроникамен қатар қоюға болады. Химия өнеркәсібінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:<ref name = g1>География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б. ISBN 978-601-293-170-9</ref>

  1. алуан түрлі, кұрамы жөнінен әркелкі шикізат түрлерінің пайдаланылуы;
  2. кұрылымы жағынан өте күрделі болуы;
  3. энергияны, әсіресе жылуды көп қажет етуі;
  4. кейбір салаларында судың көп мөлшерде пайдаланылуы;
  5. ғылымға негізделген ең жаңа өндірістің болуы;
  6. қазіргі заманғы салаларының, негізінен, адамның күнделікті өмірі мен денсаулығына қажетті және өндірістегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өнімдерді шығаруға мамандануы;
  7. шығаратын өнім түрлерінің көптігі; бұл көрсеткіш бойынша тек машина жасау өнеркәсібіне ғана жол береді.

Химия өнеркәсібінің орналасуы дүниежүзі бойынша бірыңғай заңдылыққа бағынбайды. Өйткені оған көптеген факторлар (табиғи, экономикалық, тарихи және т.б.) әсер етеді. Кәсіпорынның орналасуы, әдетте, оның қандай өнім шығаратындығымен тығыз байланысты. Сондықтан оның кұрылымына тоқталайық. Мұндағы салаларды шартты түрде үш топқа біріктіруге болады: негізгі өндіріс (полимер материалдары, минералды тыңайтқыштар шығару); өңдеуші өндіріс (бояғыш заттар, лактар мен бояулар, дәрі-дәрмек, резеңке (резина) — техникалық бұйымдар жасау); жартылай дайын өнімдер (тұздар мен қышқылдар, сілтілер) өндірісі.

Қазіргі заманғы химия өнеркәсібінде полимер материалдарын өндіру жетекші орын алып отыр. Оның өркендеуі шаруашылықтық басқа салаларының дамуына да ықпал етуде. Әсіресе өнеркәсіпке, құрылыс пен тұрмыстық шаруашылыққа арналған өнімдерді жасайтын пластмасса және синтетикалық шайырлар өндірісі жедел қарқынмен дамуда.

Химия өнеркәсібінің өңдеуші саласында ғылымды ең көп қажет ететін, өнімдерінің өзіндік құны жоғары дәрі-дәрмек өндірісі айрықша көзге түседі. Бұл саладағы ғылыми зерттеулер және дайын өнімдерді сынақтан өткізу қаржыны көп қажет ететіндіктен өндірісі жоғары дамыған елдерде шоғырланған. Дүние-жүзінде өндірілетін дәрі-дәрмектің 3/4 бөлігін АҚШ, ГФР, Ұлыбритания мен Жапония шығарады.

Жеңіл өнеркәсіп

Үлгі:Main Өнеркәсіптің басқа салаларымен салыстырғанда өлеуметтік маңызға ие болып отырған бұл сала белгілі бір аймақтағы немесе елдегі тұрғын халықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында дамиды. Оның дамуындағы басты фактордың бірі — сапалы жұмыс күшінің болуы. Соңғы онжылдықтарда өндіріске FTP жетістіктері кеңінен енгізіле бастады. Құрылымы жағынан шартты түрде бірнеше сатылы өндірістен тұрады: шикізат өндірісі (мақта талшығын алу, теріні бастапқы өңдеу); жартылай дайын өнімдер өндірісі (жіп иіру, тоқыма, бояу, елтірі); дайын өнімдер шығару (тігін өндірісі, кілем тоқу, аяқкиім). Қазіргі кезде, әсіресе дайын өнім өндірісі жедел қарқынмен дамуда.

Жеңіл өнеркәсіптің орналасуы XX ғасырдың екінші жартысында күрделі өзгерістерге ұшырады. Бұл сала бойынша дүниежүзінде жетекші орынға Азия елдері шықты. Бұған жергілікті шикізат базасы, салыстырмалы түрде арзан жұмыс күші, азиялықтардың дәстүрлі кәсіби мамандануы себепші болды. Дүниежүзінде өндірілетін табиғи жібек пен джуттың (табиғи талшық алынатын өсімдік) барлығы дерлік, ал ірі қара мал терісінің 30%-дан астамы Азияның үлесіне тиесілі, мақтаның жартысынан астамы осында жиналады. Химиялық талшықтар өндірісінің 2/3 бөлігін Азия елдері өндіреді. Тек жоғары сапалы аустралиялық жүнді сатып алуға мәжбүр. Ұзақ уақыт бойы Батыс Еуропаның меншігінде болған зығыр өндірісінен Қытай алдыңғы орынға шықты. Батыс Еуропа елдері мен АҚШ неғұрлым күрделі технология мен сапалы шикізатты қажет ететін қымбат өнімдер (бағалы елтірі бұйымдары, сәндік киім-кешек, қымбат аяқкиім және т.б.) өндірісінде жетекші рөлін сақтап отыр.<ref name = g1/>

Тоқыма өнеркәсібі

Үлгі:Main Тоқыма өнеркәсібі табиғи және жасанды талшықтар негізінде жұмыс істейтіндіктен, соңғы онжылдықта жасанды талшықтар үлесінің артуы өндірістің құрылымы мен орналасуына тікелей ықпал етті. FTP жетістіктерін пайдалану нәтижесінде жоғары дамыған елдер мен жаңа индустриялы елдерде тоқылмайтын материалдар өндірісі жолға қойылды. Қазақстанда мұндай өндіріс Қызылорда каласында орналасқан. Сонымен қатар табиғи және жасанды талшықтарды араластыру аркылы мүлде жаңа мата түрлері шығарыла бастады. Жалпы алғанда, мақта маталарын өндіретін кәсіпорындар жұмыс күші арзан дамушы елдерде (әсіресе Азиядағы), неғүрлым қымбат жүн маталарын тоқу дамыған елдерде, сонымен қатар Қытайда шоғырланған. Жібек маталарын тоқу жасанды талшықтар өндірісімен тығыз байланыста дамып отыр.<ref name = g1/>

Тамақ өнеркәсібі

Үлгі:Main Қазіргі заманғы тамақ өнеркәсібінің дамуына аумақтық алшақтықтар тән. Жоғары қарқынды дамыған елдерде азық-түлік жергілікті тұрғындар қажеттілігінен әлденеше есе кеп шығарылса, мешеу елдерде оның ұдайы жетіспеуінен аштық жиі болып тұрады. Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну елдер бойынша айырмашылық жасайды. Батыс Еуропада қазіргі заманғы тамақ өнеркәсібін аса сапалы жергілікті шикізатты өңдеу негізінде дайындалған өнімдер (ірімшік түрлері, шарап, сүт тағамдары, сыра) өндірісі құрайды.<ref name = g1/>

Елдер        Ет және ет өнімдері Сүт және сүт өнімдері Балық және балық өнімдері Қант Өсімдік майы Көкөніс және бақша өнімдері Нан және нан өнімдері
Қазақстан 50 196 3,6 18 6,5 55 200
Ресей 46 229 9,3 33 8,4 79 118
Болгария 25 134 2,1 11 12,4 90 146
Жапония 45 93 57,5 18 15 123 112
Германия 85 442 15,1 34 18,5 90 78
Франция 91 424 20 35 15,2 132 82
АҚШ 114 305 10 30 24 119 112

Жан басына шаққанда негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну (жыл ішінде, кг)

Басқа аймақтардағы дамушы елдерде тамақ өнеркәсібінің жергілікті сұранысты қамтамасыз ететін салалары басым дамыған. Жеке елдердің шикізат базасына байланысты халықаралық дәрежеде маманданған салалары да бар. Балық өнімдерін сыртқа сатуда Чили мен Перу; Бразилия, Колумбия, Индонезия, Мексика кофені; Үндістан, Қытай, Кения, Шри-Ланка шайды; Үндістан, Бразилия, Куба қантты экспорттауда алдыңғы орында.

Сонымен тамақ өнеркәсібі салаларының дамуына аймақтық (аудандық) ерекшеліктер тән, олар: біріншіден, жергілікті шикізат көзіне; екіншіден, елдің даму деңгейіне байланысты азық-түлік түрлеріне сұраныстың әркелкі болуы; үшіншіден, жергілікті ұлттық (діни) әдет-ғұрыптарға байланысты болады.<ref name = g1/>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geo-stub