Өтепберген Әлімгереев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өтепберген Әлімгереев (26.5.1949 жылы туған, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жиделі ауылы) - публицист-жазушы. 1972 ҚазҰПУ-ды бітірген. Еңбек жолын Маңғыстау облысында Бейнеу ауданында мектеп мұғалімі боп бастайды. 1973 - 90 жылдары Атырау облысында "Атырау" газетінде жұмыс істеген. 1990 жылдан Атырау облысы телерадио компаниясының бас редакторы. Әдеби туындылары 1966 жылдан бері түрлі газет-журналдарда жарияланған. Алты әдеби-публицистикалық кітаптардың авторы. Махамбет, Асан Қайғы, Жиренше шешен, Мұрат, Бала Ораз, Мақаш әкім туралы зерттеулер жазған. Қазақстан Журналистер одағының (1994), Атырау облысының әкімі белгілеген Махамбет атындағы республикалық сыйлығы (1996) лауреаты. "Егемен Қазақстан" газеті (1987) мен "Ара" журналы (1980, 1981) байқауларының жүлдегері.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> «Ақ Жайық ұлы», «Түлік төресі», «Ұзақ жол», «Тағдырмен тайталас», «Бәйтерек» атты көлемді очерктері жарык көрді.<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}