Өтебай Тұрманжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Utebay Turmanzhanov.jpg
Өтебай Тұрманжанов

Өтебай Тұрманжанов (15 желтоқсан 1905, Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы, Жалғызағаш ауылы – 1978, Алматы) – балалар жазушысы, фольклоршысы.

Өмірбаяны

Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы "Жалғызағаш" ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеуде Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетінде оқып білім алды. Ташкенттегі Орта Азия университетінің оқытушысы, кафедра меңгерушісі болды (1927 - 30 жылдары). 1939 жылы Өзбекстан Жазушылар Одағы жанынан құрылған қазақ секциясын басқарды. 1931 жылы өлкелік партия комитетінің шақыруымен Алматыға ауысады. ҚазПИ - де профессор міндетін атқарады. Кейін Қазақ мемлекеттік баспасында бөлім меңгерушісі, "Қазақ әдебиеті", "Әдебиет майданы", "Жұлдыз" газет - журналдары бас редакторларының орынбасары, бас редакторы (1935 - 37 жылы) болды. Саяси қуғын - сүргінге ұшырап, түрмеде лагерьде айдауда болды. Өмірінің соңғы жылдары "Жазушы" баспасында бөлім меңгерушісі кызметін атқарған. Тұңғыш жинағы "Таң өлеңдері" (1925 жыл) Мәскеуден шықты. 1937 жылы - "Қошан кедей", 1929 жылы - "Таң сыры" т. б. 40 - тан аса кітаптың авторы. Таңдамалылары 1959, 1964, 1975 жылдары жарық көрді. Л. Н. Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударды. "Қазақтың мақал - мәтелдері", "Асыл сөздер" атты жинақтарды құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө. Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ө. Тұрманжанов 1978 жылы Алматы қаласында дүние салды.

  • Мәскеудегі Шығыс жастарының коммунистік университетін бітірген (1927).
  • 1927 – 1978 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетінің оқытушысы, даярлық курстың және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1927 – 1930)
  • Өзбекстан Жазушылар одағы жанындағы қазақ секциясының басшысы (1929)
  • ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) профессоры
  • Қазақ мемлекеттік баспасында бөлім меңгерушісі
  • “Қазақ әдебиеті” газетінде редактордың орынбасары.
  • “Әдебиет майданы” (қазіргі “Жұлдыз”) журналында редактордың орынбасары, редактор (1935 – 37)
  • “Жазушы” баспасында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Шығармашылығы

Тұрманжанов шығармалары негізінен балаларға арналған.

Кітаптары

  • Алғашқы өлеңі Ташкентте қазақ тілінде шығып тұрған “Ақ жол” газетінде 1920 жылы жарияланған.
  • “Таң өлеңдері” жинағы Мәскеуде жарық көрген (1925).
  • 1927 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы (“Қошан кедей”)
  • 1929 жылы өлең кітабы (“Таң сыры”) басылған.

Тұрманжанов 40-қа жуық еңбектің авторы.

Аудармалары

Ол Л.Н.Толстойдың балаларға арналған көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Басқа тілдерде шыққан кітаптары

  • “Родные просторы”
  • “Орлиное племя”
  • “Моя книга”
  • “Медовой город”
  • “Золотой топор”, т.б. орыс тілінде жарияланды

Оқулықтар

Жинақтаған қазақ ауыз әдебиеті үлгілері

Марапаттары

  • Еңбек Қызыл Ту орденін (1974)
  • бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті