Өсімдіктер эмбриологиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өсімдіктер эмбриологиясы

Өсімдіктер эмбриологиясы (грек. embryon – ұрық және logos – ілім) – өсімдіктің жаратылу заңдылықтары мен оның дамуының бастапқы кезеңдері туралы ғылым. Өсімдіктер эмбриологиясы 17 ғасырдың аяғында пайда болып, 19 ғасырдың ортасында өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Қазіргі кезде Өсімдіктер эмбриологиясын зерттейтін бағытына қарай: теоретикалық эмбриология және экспериментальды деп бөлінеді. Біріншісі тозаңдықтың, микроспоралардың, аталық гаметофиттің, ұрықтың, эндоспермнің, тұқымның құрылысы мен дамуының заңдылықтары, сондай-ақ, тозаңдану мен ұрықтануды, апомиксис пен полиэмбрионияны зерттейді. Ол осы заманның озық әдістерін (электронды-микроспораларды, биохимияны, биофизиканы, цитохимияны, биотехнологияны, т.б.) қолдану арқылы жүзеге асырылады. Эмбрионалдық құрылымдардың дамуы, олардың өзара және өсімдік организмінің басқа мүшелермен әрекеттесуі және олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын қарастырады. Екіншісіне тозаңдардың тіршілік қабілетін сақтау, сыртқы жағдайлардың тозаң түтікшесінің өсуіне әсерін, цитоплазмалық аталық стерильдік (ЦАС), үйлесімділік-үйлесімсіздік құбылыстарын зерттеу, ұрықтану мен апомиксисті меңгеру, ұрықты қолдан өсіру, самалдық ұрықтарды алу, партенокарпияны қолдан жасау жатады. Қазақстанда өсімдіктер эмбриологиясы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары 1955 жылы ҚазҰУ-де (Қазақ Ұлттық Университеті) басталды. Одан кейін Қазақстан ҒА Ботаника институтында, 1993 жылдан бастап өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институтында жүргізілді. Қазіргі кезде эмбриология зерттеулердің нәтижесінде өсімдіктердің әр түрлі типтерінің арасындағы жүйелінімдік және филогенетикалық қарым-қатынасты анықтауға мүмкіндік алынды.

Пайдаланған әдебиетер

С. Мұхамбетжанов

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}