Өсімдіктер физиологиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ботаника Өсімдіктер Физиологиясы (Үлгі:Lang-elтабиғат және Үлгі:Lang-elілім) – өсімдіктің өсуін, дамуын, көбеюін, тыныс алуын, қоректенуін, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайына бейімделуін молекулалық, клеткалық, ұлпалық, мүше мен мүшеаралық және біртұтас организмдік деңгейде зерттейтін ғылым; ботаника саласы.

Тарихы

Өсімдіктер Физиологиясы дамуына 18 ғ-дың аяғында фотосинтез процесінің ашылуы (Джозеф Пристли, Ж.Сенебье) негіз болды.

  • 19 ғ-дың 2-жартысында өсімдіктердің минералды заттармен қоректенуі (Ю.Либих), бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түйнек бактериялармен селбесе тіршілік етуінің нәтижесінде атмосф. азоттың сіңірілуі (Ж.Буссенго, Г.Гельригель)
  • 20 ғ-дың басында өсімдіктердің тыныс алу механизмінің (В.Палладин, А.Бах) заңдылықтары мен әр түрлі өсу гормондары ашылды. Өсімдіктер Физиологиясы саласындағы зерттеулер Қазақстанда ҚазҰУ-да өсімдіктер физиологиясы кафедрасы (1937), КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесінде өсімдіктер физиологиясы мен биохимиясы бөлімі (1939) ашылған соң жүйелі түрде жүргізіле бастады. Бұл бөлім 1946 ж. Қазақстан ҒА-ның Ботаника институтының, кейіннен (1993) Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженерия институтының құрамына кірді. Қазір Өсімдіктер Физиологиясы саласындағы зерттеулермен осы институт, ҚазҰУ, Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, т.б. жоғары оқу орындарының арнайы кафедралары шұғылданады.

Үлес қосқандар

Бұл ғылым саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар: Л.Добрунов, Т.Дарқанбаев, Ф.Полымбетова, І.Рақымбаев, т.б. Каучукке бай көксағыз бен таусағыздың физиология ерекшеліктері (Добрунов) зерттелді. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде бидайдың минералды қоректену ерекшеліктерін ескере отырып, фосформен қамтамасыз етудің тиімді жолдары (Добрунов, Полымбетова, Л.Мамонов) ұсынылды. Қант қызылшасының физиология ерекшеліктері зерттеліп, оның өнімі мен қанттылығын арттыру жолдары анықталып, өндіріске (Полымбетова) енгізілді. Жаздық, күздік бидайдың ыстыққа, қуаңшылық пен аязға төзімділігі зерттеліп, оның жоғары өнім беретін сорттары (Полымбетова, Е.Богданова, т.б.) шығарылды. Қапшағай су қоймасы аймағында күрішті тиімді өсірудің жаңа технологиясы (Добрунов, Б.Сәрсенбаев, О.Таранов) жасалды.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>.

Өсімдіктер физиологиясының негізгі процестері

Фотосинтез

Үлгі:Main Фотосинтез – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бөледі.

Өсімдіктің қоректенуі

Үлгі:Main


Өсімдік тынысы

Өсімдік тынысы-өсімдік органзимінде органикалық заттардың физиологиялық тотығу процессі.Тірі организмдер сияқты өсімдіктерде жасушалары барлық мүшелер арқылоы тыныс алады,бірақ оларда арнаулы тыныс мүшелері болмайды.Тыныс алу процесі өсімдіктің өсіп келе жатқан жас мүшелерінде әсіресе жапырақтарында күшті,ал сабағы мен тамырында баяу жүреді.Өсімдік тынысынды температура жоғарлаған сайын күшейеді де,44-55°C-қа жеткенде тоқтайды. Совет биохимігі А.Н.Бахтың теориясы бойынша өсімдіктің тыныс алу кезінде май,көмірсулар,аққуыздың тотығуы екі сатыда өтеді:

  • біріншісінде тірі жасушадағы өздігінен тотыға алатын қосылыстарға ауадан оттек қосылуынан асқын тотықтар пайда болады,
  • екіншісінде асқын тотықтардың белсенділеуінен атомдық оттек бөленеді де,ол қиын тотығатын органикалық заттарды тотықтырады.

Қазіргі ғылыми түсініктер бойынша тыныс алудың негзгі тотығу процесі-электорон жоғалтуы.Электрон жоғалту немесе өзіне электрон қосып алу қабілеті органикалық қосылыстардың тотығу дәрежесіне байланысты. <ref> Қазақ совет энциклопедиясы. </ref>

Өсімдіктер гормондары

Үлгі:Main Фитогормондар немесе өсімдіктер гормондарыөсімдіктер шығаратын және өте-мөте аз мөлшерде әрекет ететін эндогенді органикалық заттектер. Фитогормондар арнаулы өсу процестеріне себеп болады, бұл процестер өсімдіктердің белсенді өсуге, генерациялық дамуға өтуінде, тропизмдерде, регенерацияда, тыныштық күйінде және т.б. үлкен рөл атқарады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өсімдіктер физиологиясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}