Өске Торқаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өске Торқаұлы

Өске (Ысмайыл) Торқаұлыақын, жырау. Ол кісі 1788 жылы Қостанай облысы Қарабалық ауданында туып 1857 сонда қайтыс болған .Өз кезіндегі заман ағымына үн қосып, әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеген. Толғауларында заман, тіршілік, барлық пен жоқтық туралы ойларын ортаға салады.Тарихи деректерде бірде қыпшақ Өске, бірде танабұға Өске аталғанымен, барлығы бір адам турасында айтылған. Он жасында әке-шешесінен жетім қалған ол Қазы атты беделді адамның (қыпшақ Наурызбай бидің әкесі) қолында тәрбиеленеді. Жамағайын інісі Тоқбайдың жылқысын бағады. Қырыққа келгенше кедейлікпен күнін өткізген Өске қожайынымен ренжісіп, еліне оралады. Бұл жай оның “Кел, қатын, үйіңді жық, біз көшейік, Көкшеге екеуара мінгесейік, Бауырына Қызылжардың қонып алып, Бір жаздай қымыз ішпей күн кешейік” деп келетін туындысында айқын айтылған. Өскенің Жарасбай, Жантақай, Қылышбай, Асаубай, Байшүлен сияқты байлар мен Наурызбай би, Сүлеймен төреге арнаған жырлары, Ыбырай Алтынсариннің атасы Балғожа биді сынап жазған өлеңі бар. Сондай-ақ қыз-келіншектерге арнаған әзіл-оспақ, сайқымазақ өлеңдері кезігеді. Тәтті қызбен сөз қағыстыруы оның тапқыр сөзге кенде болмағанын, суырыпсалмалық қасиетін айғақтайды. Өске өлеңдері алғаш “Жаңа әдебиет” журналында (1929, ғ5) жарияланған, сегіз өлеңі “ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1988) жинағында жарық көрген.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}