Өскенбай мазары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өскенбай мазары - архитектуралық ескерткіш. Атырау облысы, Махамбет ауданында Жайық өзенінің сол жағында, 15-ауылдан солтүстік - шығысқа қарай 35 шақырым жерде, Атырау қаласынан 100 км қашықтықта, Сары деген жерде.

Осы өңірдегі белгілі Өскенбай деген ауқатты адамның басына тұрғызылған. Мазар жылқының қылы араластырылып, сүтке илеген шикі кірпіштен салынған. Ішінде он шақты адам жерленген. Ертеде іші сәнді безендіріліп, түрлі әшекейлер болған, бұйым-мүліктер, ыдыс- аяқтар қойылған. Жаздың ыстығында да, қыстың суығында да әрлі-берлі өткен жолаушыларға пана боп, тынығып кетуіне мүмкіндік жасалынған. Биіктігі — 8,8 м. Мазар шамамен 19 ғ-дың бас кезінде ежелгі архитектуралық әдіспен салынған. Композициялық құрылысы 8—9 ғ-да Сарыарқада салынған Домбауыл мазарына ұқсайды.<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер