Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өскемен Қорғасын-Мырыш КомбинатыҚазмырыш» ЖШС) – түсті металлургия кәсіпорны. 1942 жылы Орджоникидзе қаласынан көшіріліп әкелінген “Электр-мырыш” зауытының негізінде ұйымдастырылған Өскемен мырыш зауыты мен 1952 жылы іске қосылған қорғасын зауытының біріктірілуі нәтижесінде 1955 жылы құрылған. 1994 жылдан АҚ. Комбинаттың құрамына қорғасын мен мырыш зауыттарынан басқа күкірт қышқыл өндірісі, сирек металдар өндіру цехы және қосалқы өндіріс пен қызмет көрсету желілері кіреді. Кәсіпорын кенді Алтай, Орталық Қазақстан, Орал, Қиыр Шығыс кен металлургия кәсіпорындарының полиметалл шикізаттарын, сондай-ақ Ертіс өңірінің пайдалы 20 компонентінен тұратын шикізатын өңдейді, өнімнің 17 түрін (мырыш, қорғасын, кадмий, алтын, күміс, күкірт, висмут, индий, талий, селен, сынап, оттек, аргон, азот, теллур, мыс, хлор) шығарады. Оның өнімі аккумулятор, электр-техника, лак-сыр, химия, автомобиль, тоқыма өнеркәсібінде, радиотехникада, а. ш-нда (тыңайтқыш өндіру үшін), өнеркәсіптің басқа да салаларында пайдаланылады.

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}